суға кеткен азаматты құтқару мүмкін болмаған

Суға шомылуда сақ болыңыз! Тілсіз жау тағы бірнеше қазақстандықтардың өмірін қиды. Өткен демалыс күндері еліміздегі өзен, көлдер мен су қоймаларында 6 адам суға батқан.

Ал Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданындағы өзенде 2 адам шомылып жүріп, судың құрбаны болды. Олардың мәйіті Жамбыл облысының аумағында табылған.

Осы кезде жол көлік апаттары да толастар емес. Аптап ыстықта рөлді басқарудың оңай еместігі белгілі. Бір күн ішінде алты жол апаты тіркеліп, үш адам мерт болған, тағы адам дене жарақаттарын алған.

Жол көлік апаттары Алматы мен Ақтөбеде де көп тіркелген. Оқиға орын алған жерде көз жұмғандар арасында жас балалар, тіпті 3 айлық сәби де бар. Жолға шыққанда, суға шомылғанда балаларға мұқият болыңыздар.