«Тарыдай боп кіріп, таудау болып» шығатын алтын ұядан биыл да оқушылар түлеп ұшты. Жыл сайын мектеп бітіруші түлектер ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырып болған соң, мектеп бітіру кешін ұлан-асыр тойлайтыны бар. Сол атаулы шараны тойлауды бірі қуанышпен өткізсе, енді бірі жастықтың жалынымен жазымға ұшырайды. Сондықтан мектеп басшылығы әр жылы қарсылық танытып, оқушыларының амандығын тілейді. Десе де мектеп ұжымының наразылығымен санаспайтын жеткіншектер, «өмірімде 1-ақ рет мектеп бітіремін, сол себепті тойлауға тиесілімін» деп есептейді. Әрине, бұл дұрыс-ақ, егер түлектер өз тәртібін қадағалаған жағдайда. Айта өтетін бір жәйт, дәл қазіргі уақытта мектеп бітіру кешінің шығыны көп. Десе де жай ғана елеусіз дүниенің өзі әжептеуір қаражатты талап етеді. Сондықтан, бүгін біз сіздерге мектеп бітіру кешінің толық қанша қаражатты талап еткенін ұсынып отырмыз.
Киім:
- Биылғы жылы апельсин түстес, сары, қызыл және ашық жасыл түстер, сондай-ақ «теңіз түстері» — көк, көгілдір, жасыл-көк түс сәнге кіргендіктен, мектеп бітірген аруларға осы түсті көйлектерді таңдапты. Айта өтейік, мектеп бітіру кешіне арналған әдемі де сапалы киім бағасы 7000-нан бастап сатылымда болды. Сондай-ақ арнайы киім тігетін тігін шеберханасына тапсырыс арқылы қалаған қиялдары бойынша тіктіру науқаны да қарқынды жүрді. Жалға алу үшін де 5000-нан 20000-ға дейін қаражат төледі түлектер. Көйлекке сәйкесінше түсін киюді мақсат тұтқан олар аяқ киімдерді 8000 теңгеден 35 000 теңгеге дейін сатып алды.
Ал ер-жігіттерге ақ-сұрғылт пен қоңырқай, көгілдір түс сәнге айналды. Десе де дәл осы түске қадалып қалмай, кез келген жарасымды киімді сатып алғаныңыз түлектер. Мәселен, сапалы костюм шалбарлар құны 15 000 теңгеден жоғары бағаланды. Жалға алағандары 2000-нан 20 000 теңге аралығында бағаланғанын айтты. Ал тігіншінің көмегіне жүгінгендер матаңыздың орташа құны – 6000-нан бағаланып, тігін құны – 7000 теңгені қоса есептегенде 13000 теңгені құраған. Ерлерге арналған аяқ киімнің бағасы 8000 теңгеден 40 000 теңге аралығында саудаланыпты.
Сәндену. Шаш үлгісі:
Сұлулыққа жаны құмар арулардың сән үлгісі де мектеп бітіру кешіне қарай толассыз сұранысқа ие бола бостапты. Ал шаш үлгісін жасату құны қаламызда 2000 теңгеден 5500-ға дейін өлшенді.
- Ер-жігіттердің шашы киетін костюмына сәйкес жасалған. Сонымен, жігіттер қауымы шаш үлгісінің бағасы 500 теңгеден 2500-ға дейін болыпты.
Тырнақ үлгісі.
Тырнақтың көйлекпен сәйкес келуі – ол арудың талғамының жоғары екенін көрсетеді. Сондықтан бұл жылы арулардың басым бөлігі жасанды тырнақтар жасатқан. Тырнақтар құны – 1500 теңгеден басталып, 6500 теңгеге дейінгі бағаны құраған.
Макияж.
Арулардың шырайы сулулануы үшін макияждың маңызы зор. Макияждың бағасы 700 теңгеден 3000 теңгеге дейін болды бұл күні. Ал кірпіктің жапсырылу бағасы — 2000 теңгеден жоғары бағаланды.
Мейрамхана:
Жас түлектер мектеп бітіру кешінің де танымал мейрамханада, естен кетпестей өткенін қалайды. Кеш барысында айрықша ойындар ойналуы үшін түрлі жабдықтар сатып алынған. Мәселен, бұл кеште тойхана ұсынымы жан басына шаққанда 2500 теңгеден 6500 теңгеге дейін болыпты. Қосымша апаратан азықты қоспағанда. Бұл ұсынымның қызметіне 4 салат, 2 салқын салат, екінші тамақ кірген.
Альфия Қайыпбергенова, мейрамхана әкімшісі: «Мектепбітірумаусымындабіздің мейрамханаәрбірүстелді адамбасына 35 000теңгеденбағаланды.Бұған 4 түрлі салат пен екі тамақ кіреді. Қалғандарын өздері алып келуі керек».
Алма Жорабаева, тігінші: «Мектепбітірушілердің кешінеарналғантапсырыстаркөптүсті. Көбісі атлас, фатинматаларынантігілді. Бұлматалардың 1 метрі 2000 — 10000 теңгегедейінтұрады. Түлектердің көбі ұзынетекті көйлектаңдады. Албізтіккенімізге 7000 -12 000 теңгеалдық».
Әсел Үмбетәлиева, маникюр шебері: «Бізге келуші жас түлектер жасанды тырнаққа қызығушылық танытты. Сондықтан, жасанды тарнақтар жасап бердік. 1500-6000 теңге аралығында бағаладық».
Салтанат Әуелбекова, шаштараз: «Шаш үлгісін біз киетін көйлегіне және бет көлемі мен бойына қарап жасадық. Жігіттерге шаш үлгісін жасату құны 500 — 2000 теңге аралығында болса, аруларға 2000 — 5000 теңгеге дейін қызметімізді ұсынуға тура келді».
Сәуле Қожантаева, бет әрлеуші: «Әр макияж адамның жасына қарап жасалады. Сондықтан, біз жас түлектердің көздерін емейлінше жабық түсті бояу жақпауға тырыстық. Себебі, жабық түстерадамныңжасынекі есегеұлғайтыпкөрсетеді. Түлектержасәрі нәзіккөрінуі үшінашықтүсті бояулардықолдану – біздің әдетке айналған».
Мағрипа Қалауова, ата—ана: «Шынымды айтсам, мектеп бітіру кеші жақындады дегеннен барлығының бағасы шарықтай түседі. Кеше қызыма барып көйлек таңдадық. Қызым 30 мыңды қкөйлекті ұнатты. Бағасына қарамай, алуға тура келді. Қатарынан қалмасын, өзгелермен тең болсын деп таңдағандарын әпердім. Қыз баласы болған соң, оның тағы әшекейлері, тырнақ, шаш үлгісі бар. Ал мейрамхананың бағасы да көңіл қуантпады. Үстелдің өзін адам басына шаққанда 3800 теңгеден түсті. Өзіміз апаратын азық—түлікті қосыңыз. Жалпы саны 50-70 мыңдай қаражат жұмсалды».
РозаРАХЫМБЕРДІ, жастүлек: «ҰБТ—дан 81 балл жинадым. Негізінен, бұл көрсеткіш мен үшін аз. Ал бүгінде мектеп бітіру кешіне көйлегімді 35 мың теңгеге сатып алдым. Сыныптастарымның алды көйлегіне 47 мың теңге жұмсаса, ең кем жұмсадым дегені 10 000 теңгеге сатып алыпты. Шашым мен тырнағымды арнайы мамандарға жасаттым. Ал макияжды өзім жасадым».