Мектеппен қоштасу кеші білім ордасында өтуі тиіс

187

Биылғы түлектер мектеп бітіру кешін өткізуден бас тартып, оның орнына қайырымдылық шараларына мұрындық болуға барлық қатарластарына ұран тастап жатыр. Игі бастаманы қолдаушылар басым.

Ата-ананың қалтасына ауырлық салып, шығындатып, бір екі сағаттық кеш өткізуге түбегейлі қарсылық танытқан түлектердің бастамасына көпшілік ризашылығын білдіруде. Бүгінде мемлекеттік мекемелер тарапынан да аталған мәселеге байланысты жұмыстар жүргізілуде. Жуырда ғана Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қалалық білім басқармасымен бірлесе отырып, мектеп және колледж директорларын жинап, жиналыс өткізген болатын.

Ерғали Жұмабаев, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басқарма басшысы: «Қалалық білім басқармасымен бірлесіп, біздің департаменттің тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстарының негізінде қоғаммен кері байланысу бойынша сымтетігіміз, вацап желісі бар. Оған түрлі шағымдар, арыздар, ұсыныстар келіп түседі… Алда келе жатқан мектеп бітіру кешін үлкен мейрамханаларда шығындатып жасауға жол бермеу, алдын алу бойынша біз білім басқармасымен жиналыс өткізген болатынбыз. Білім саласының тізгінгерлері мектеп директорларына ұсыныс айттық. Білім басқармасы тарапынан қолдау тауып әрі қарай мектеп директорлары мен оқушыларымен жұмыс жасайтынына сенім білдірді.