23-маусым — Қазақстан полициясы күні. Төл мерекелері қарсаңында қаламыздың тәртіп сақшылары қуанышты хабар алды. Полиция қызметкерлерін келіп құттықтаған қала басшысы оларға 4 жаңа автокөлік пен тағы бір қосымша тірек бекетін табыстады.
Автокөлік кілттерін тәртіп сақшылары қала әкімі Қайрат Молдасейітовтың өзі тапсырды. Тұтқындалғандарды тасымалдауға қажетті 2 Газель мен жеке құрамның қызметіне арналған жеңіл көліктер қала көшелеріндегі тыныштықты сақтау барысында өз септігін тигізеді деп санайды қала әкімі.
Қала басшысы сонымен қоса бюджет қаржысына жөнделген қалалық ІІБ-ның ғимаратын да аралап көрді. Мұндағы жаңа кеңсе техникаларын облыстық ІІД-ті берген. Бүгінде қайта жарақталу қарқынды жүруде.
Ал «Тәуелсіздік» бағында бүгін ғана ашылған жаңа тірек бекеті жерлестеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қажет-ақ. Сонымен қоса жыл соңына дейін қала төңірегінде 5 блок пост қызметіне кіріседі деп күтілуде. Нәтижесінде облыс орталығына апаратын басты көшелердегі автокөліктердің қозғалысы толық бақыланады.
Осыдан кейін қала әкімі Халықтар Достығы үйінде өткен тәртіп сақшыларының мерекелік концертіне қатысты. Мұнда 700-ге тарта құқық қорғаушылар өз жанұяларымен бірге келген. Олардың бірқатары қала басшысының қолынан мақтау қағаздары мен естелік медальдар алды. Еңбегі атап өтілген тілшілер арасында біздің әріптесіміз «Шұғыл шақырылым» айдарының тілшісі Ринат Хамидуллин де бар.