Экономикалық қылмыс пен сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің қызметкерлері облыстық Мемлекеттік құрылыс-сәулет бақылау департаментінің бөлім бастығы мен сол бөлімнің бас маманын пара алды деген күдікпен тұтқындады.
Қазіргі уақытта осы екі маман мен тағы екі адамның үстінен пара алу фактісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Күдіктілер қамауға алынған.