Шымкентте қайырымдылық жәрмеңке өтті

358
Шымкентте қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

Шымкентте,  Сәкен Сейфуллин атындағы халықтар достығы үйінде жас шеберлердің қолынан шыққан дүниелер сатылымға шықты.

Шымкентте қайырымдылық жәрмеңке өтті

Анығырақ айтсақ, қаламыздағы ерікті жастар қолөнер бұйымдарына жәрмеңке ұйымдастырды. Шарапаты мол шараға өз үлесін қосуды көздеген еріктілер тағы да игі іске бастамашы болды. Балалар үйіне көмек қолын созуды жөн көрген жастар 2 ай бойы қолөнер бұйымдарын жасады. Осылайша,  бұл күні сатылымнан түскен қаражатты қайырымдылық шарасына жұмсалды.   Қазақстанның Жастар-ақпарттық  қызметі қайырымдылықты дамыту департаментінің қолдауымен жүргізілді бұ жұмыс. Сондай-ақ жәрмеңкеге жиналғандардың жа қарасы қалың болды. Жиналған көпшілік жастардың жасаған еңбектерңн таласа сатып алды. Қолдан жасалаған дүниелерге тәнті болғанын да жасырмады. Бұл аз десеңіз, сурет салуды жаны қалайтын жастар жәрмеңкеге келгендердің суреттерін де көз алдында салып берді. 1000 теңгеге бағаланған бейнелерге көпшілік таң  қалысты.

Күләш Жұмаділова, қала тұрғыны: «Осыдан 1 ай бұрын дәл осы жәрмеңке жайында хабарландыруды көрдік. Міне, сол кезден бастап осы шараны асыға күттік. Енді келіп қалаған дүниелерді сатып алудамыз. Мынау ұялы телефонға арналған  қалташалар мен әшекейлерге қатты қызығушылығым ауды. Өзіме қала берді құрбыларыма да әшекейлер таңдаудамын. Қазір барлықтарына бір-бір білезіктен дайындап қоямын. Себебі, барлықтарының қалта телефондарына қоңырау шалып осында шақырдым». 

Елена Швецова, Қазақстанның Жастар ақпарттық қызметі бойынша қайырымдылықты дамыту департаментінің басшысы: «Ия, біз бұл дайындығымыздыды бастағанда Шымкенттің тұрғындарын  хабардар еткен болатынбыз. Сондықтан мұнда да халық көп жиналып отыр. Бұл да болса Оңтүстік тұрғындарының  жаны мейірімділікке толы екеннің дәлелі болса керек. Айта өтетін жәйт, бүгін барлық  қолдан жасаған  қолөнер бұйымдарын ұсынып отырмыз. Сағат түскі 3-тен басталды. Сонда да жасаған дүниелер толассыз сатылуда. Мәселен, мына сөмкелер мен көйлектерден 1 данадан ғана қалыпты. ,Сондай-ақ біз бұл шараны бірінші рет емес, әрдайым қолға алып жүреміз. Бұл – біздің мақсатымыз деп білеміз».

Айгүл Даржанова, суретші: «Бүгін мен сурет салып, адамдардың көңілін аулаудамын. Әрбір суреттің бағасы – 1000 (мың) теңге. Қатып қалған қағида жоқ, егер оған келіспесе берген қаражатына салып беремін. Себебі, мұндай атаулы шарада әрбір минутым санаулы болып отыр. Көп қаражат жинап, барлығын балалар үйі мен мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмсаймыз. Сондықтан, неғұрлым суретті көп салсам, түскен қаражаттың саны да арта түседі. Бүгінгідей мүмкіндік көп болмайтындықтан, жарымжан және көңілі жарым жандарға көмек қолын созу мен үшін тек осы жолмен ғана жүзеге асады».

Маңызы мол шара биыл 2-рет қолға алынып отыр. Әрдайым балалар үйі мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетуді міндеті санайтын еріктілердің жұмыстары жемісті. Бұл жолы да қайырымдылық шарасына келген қонақтар қолдан жасалған — ең бастысы шын жүректен жасалған құнды бұйымдарға қызығушылық танытып, сатып алды. Сондықтан, қажетті қаражат жиналды деген сенімдеміз.