Шымкентте ретроәндер шырқалды

393
Облыстық филармонияда "Сағындарған әуендер" атты ретро-кеш өтті

Шымкентте ретроәндер шырқалды. «Сағындырған әуендер» тақырыбы аясында өрбіген кеште 25-ке жуық сағыныш болған әндер орындалып, елдің өткенін еске салды. Ретро-кеш Шәмші Қалдаяқов атындағы филармонияданың сахнасында өтті. Аталған шараға филармонияның әншілері атсалысты.

Айта өтейік, барлық ән жанды дауыста және оркестрдің сүйемелдеуімен орындалды. Өнерпаздардың жарты жылдық есеп беру кешіне өңір тұрғындары көп жиналып, ерекше екпінмен тамашалады кешті. Сахна төрінде шырқалған әндерге қуана қол соққан өнерсүйер қауымның ретро әндерді сағынғаны байқалып тұрды. Осы орайда, өз пікірлерін білдіруді ұмытпаған көпшілік, мұндай маңызы мол шаралардың алдағы уақытта да жиі өткенін қалайтыны турасында ашып айтты. Сонымен, қазақ әндерін әуелеткен әншілерге жиналған көпшілік тәнті болып тарасты.

Әбдіхан Нұрмағанбетов, облыстық Шәмші Қалдаяқов атындағы филармонияның директоры: «Бұл кеш өзге жерлерде өтіп жүргендерен мүлдем бөлек. Олай дейтін себебім, бұл кеш әншілері әнді тек жанды дауыста орындайды оркестр сүйемелдеуімен. Мұндай жағдайда әншілердің өнері ақсап жатады. Сондықтан мұнда ән салып, көпшіліктің қошеметіне ие болып отырған өнер иелері — нағыз таланттар! Ел алдында құрметке лайық жандар! Өнердің өрлеуіне сүбелі үлесін қосып жүргендері қаншама. Сол себепті 3 күн бойы жалғасқан кешіміз тек халықтың жанына қуаныш сыйлады деген үмітіміз бар».

Құрманбек Шойынбаев, ҚР еңбек сіңірген әртісі: «Менің түсінігімше, ретро әндер ешуақытта өз мәртебесін жоғалтпайды, қайта жаңғыру бағытынан танбақ емес. Мәселен, қазіргі жастардың өзі ретро әндерді айтуға әуес. Бүгінгі кешке жиналып отырған жастарға қарап-ақ бұл сөзімнің жаны бер деуіме болады. Сондай-ақ ретро әндердің сұранысқа ие болуы – бұл заман талабы. Себебі, кез келген болашағын бағамдап, елінің ертеңіне алаңдайтын адам қазақтың болымысна тән әндерді тыңдайды. Сондықтан, жастарға айтарым ретро әндерді жалықпай орындап, тыңдай беріңіздер!»

Азамат Бақбергенұлы, көрермен: «Мен ретрокешке ата-анаммен келдім. Қарап отырсам, мен қатарлы жастар да көп жиналыпты. Ұйып өлең тыңдап отыр. Тыңдамай ше?! Мәні мен мағынасы терең әндерді тыңдап, елінің патриоты яғни туған жеріне деген сүйіспеншілігі болуы маңызды. Сондықтан да мұндай ретро әндердің қазақ қоғамында алар рөлі ерекше дер едім. Алдағы уақытта достарыммен келуді жоспарлап отырмын».

Айнұр Бекбауова, көрермен: «Әрине, мұндай ретро кештің қаламызда өтпей жүргеніне де біраз болды. Сондықтан да болар, сағынысып қауышқан кештен рухани ләззат алудамыз. Жанымыз тынығып, демалудамыз. Тіпті жастық шағым есіме түсіп, көзіме жас алдым. Қазақ әндерінің құдіретін көріп, тәнті болудамыз. Залдағы көрермендердің сыймай отырғаны да – халықтың ретроәндерді құрмейттетінін көрсетеді. Сол себепті, ретро кештер қаламызда жиі болып тұрса деген тілегіміз бар».