«Сәлем, саған, туған ел» ретро-концертіне келіңіздер

468
Біржан Сапарбеков Ш.Қалдаяқовтың әнін шырқады
Біржан Сапарбеков Ш.Қалдаяқовтың әнін шырқады

Сәлем саған туған ел”. Елге сәлем жолдайтын ретро-кеш Шәмші Қалдаяқов атындағы филармонияда өтті. Ретро әндерді насихаттайтын шара өңір өнерпаздарының қатысуымен өрбіді. Елге сағыныш болған әндер бұл күні жанды дауыста және “Алаш” вокалды аспабты ансамблінің сүйемелдеуімен орындалды. Сонымен, кештің сәні Шәмші Қалдаяқовтың, Сейдолла Бәйтерековтың сезім-сырға толы әндерімен ерекшеленді. Айта кетейік, ауқымы кең кеш өңірдің 80 жылдық құрметіне арналып отыр. Облыстық филармонияның жас әншісі Біржан Сапарбеков Ұлы сазгер Шәмші Қалдаяқовтың “Арқалықтың ақ таңы” әнін нақышына келтіре шырқады.

Біржан Сапарбеков, әнші: “Бүгінгі маңызды кеште Шәмші ағамыздың “Арқалықтың ақ таңы” атты әнін орындадым. Әрине, басқа-басқа Шәмші ағамыздың әнін орындаған кезде қобалжу деген дүниенің болатынын жасырмаймын. Сахна алдын толқып тұрдым, алайда халықтың қошеметін көргенде бар қобалжу артта қалды ғой. Ең бастысы, мен әнімді өз дәржесінде орындап, халықтың жүрегіне жеткізе алдым деп есептеймін. Менің ойымша, ретро-әндер бізге өткенді еске салады. Себебі, залда отырған аға буын көрермендер көздеріне жас алып, жастық шақтарын еске ала әнді ұйып тыңдап отыр. Бұл да болса елдің сағыныш әндерінің құрметін таразыласа керек. Сондықтан, мұндай ретро-кештерді көптеп ұйымдастырып тұру қажет дер дедім”. 

Сахна төрінде шырқалған әндерге қуана қол соққан өнерсүйер қауымның ретро әндерді сағынғаны байқалып-ақ тұрды. «Әнді сүйсең, менше сүй» дейтін көпшілік кештен алған әсерін жасырмады. 

Марат Аманбекұлы, көрермен: “Көптен бері, яғни 3-4 ай болып қалды-ау деймін, Шәмшінің әндеріне шөліркеп жүрген едік. Бүгін, міне тамаша кеш өтіп жатыр. Біздің облыс жұлдыздарға кенде емес қой. Теледидарда ән салып жүретін Оңтүстіктің әншілері бүгін бізге арнап ән салуда. Оңтүстіктің 80 жылдық мерейтойы қарсаңында осындай шаралардың өтуі де орынды-ау. Себебі, өнердің қаймағы бұзылмаған өлкенің тойы дүркіреп басталып, дүркіреп бітпесе, атымызға сын емес пе?! Сол себепті, тарихи облыста осындай орынды іс-шаралар жалғасады деп сенеміз”.

Маржан Тілеубаева, көрермен: “Айналайын, Оңтүстігімнің тұрғындары! Барлықтарыңызды мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Денсаулықтарыңыз мықты болып, облысымыздың, еліміздің дамуына өз үлестеріңізді қосыңыздар дегім келеді. Ия, кереттей кеш сыйлаған өнерпаздарға шексіз алғымыды білдіремін жұрт алдында. Жылап алдық қой, жастық шағымыз еске түсіп. Міне, немерелеріммен келіп отырмын. Олар да әрбір әннің жазылу тарихын сұрайды менен. Енді ұятқа қалмайын деп, естіген-білгенммен бөлысып, айтып отырған жайым бар. Біз әрдайым осы облыстық филармонияға келіп, осындай ретро болсын, есеп беру кеші болсын тамашалаймыз. Бір ерекшелігі сол – мұнда орындалатын әндердің барлығы да оркестр сүйемелдеуімен және жанды дауыста. Қызығып, риза болып тыңдаймыз әрдайым. Өнерді түсінетін жандардың барлығы да осында келіп, өнер иелеріне қолдау көрсетіп отырмыз”. 

Әуендік аспабтар үні де жарқын шықты. Бұл күні сахна төрінде сағыныш болған 23 ән шырқалды. Әсем ән мен тәтті күйдің күйін келтіріп, Қазақтың тұщымды ретроәндерін әуелеткен әншілерге жиналған көпшілік тәнті болып тарасты. Айта өтейік, “Сәлем саған туған ел” ретро-кеші бүгін де филармонияда өз жалғасын табатын болады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=1_TKcaiHop8[/youtube]