Бабур Артықбаевпен Ғалымжан Өтегенов оңтүстіктің мақтанышына айналған. Бабур осыған дейін ресейлік спортшымен кәсіпқой рингтің төрінде жұдырық түйістіріп, Бүкіләлемдік доданың жеңімпазы атанған Евгений Губерден басым түсе білген болатын. Оның үстіне бұл кездесу Новокузнецкте өткен болатын.
Бұл жекпе-жек Азия құрлығының белбеуі үшін талас болатын. 75 келі салмақта ринг төріне шыққан жерлестеріміз 5 раунд бойы күш сынасуы шарт еді. Алайда бірінші раундтың өзінде-ақ Бабурдың қарсыласы кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды. Сөйтіп, Шымкенттік кикбоксшы чемпион атанды.
Бүгінде Бабур келесі жекпе жекке дайындығын бастауда. Бір айлық демалыстан кейін жаттығуларына қайта кірісті. Енді ол әуесқой рингте кезекті рет чемпион атансам дейді.
Бабур Артықбаев: «Майк Тайсон секілді Әлемдік деңгейдегі белбеулерді жеңіп алып, ел туын биікке көтерсем деп армандаймын. Ендігі жоспарым да сол».
Кәсіпқой кикбоксингтің әлемдік рейтингінде Бабур 4-ші сатыда, алдағы бүкіләлемдік чемпионатта жеңіске жетсе, алғашқы үштіктен көрініп қалуы да әбден мүмкін. Ал Ғалымжан Өтегенов болса бүгін Қырғызстанға жол тартады. Командалық кездесуде жерлесіміз Әлем чемпионынан басым түссем деп жоспарлап отыр.