Жасыл алаңда бойжеткендер доп тебісті

213
Шымкенттік футболшылар топты жарып келеді

Әйелдер футболынан ел чемпионатының кезекті тур ойыны Шым қалада өткен болатын. Жергілікті команда қарағандылық аяқдопшыларды қабылдады. Екі бірдей матчта жерлестеріміз алты ұпайға қол жеткізуі тиіс болатын.

Алайда бұл матчта алға шығу мүмкін болмады. Шымкенттік бойжеткендердің жолы болмай-ақ қойды. Оның үстіне жауған жаңбыр да футболшылардың доп қуалауын қиындата түсті.

 Нұрлан Орынбаев, №7 футбол мектебінің директоры: «Біздің қыздар әлі де жас. Олардың арасында 15-16 жастағы футболшылар да бар. Физикалық жағынан қиындау. Оның үстіне негізгі ойыншылардың бір қатары жарақат та алып қалды».

Шымкенттің жасыл алаңындағы алғашқы матчта жеңімпаз команда анықталмады. ойын тең есеппен аяқталды. Қос команда да екі голдан соға білді.

 Нұрлан Орынбаев, №7 футбол мектебінің директоры: «Бұл қыздардың бір қатары 16-17 жастағылар арасындағы ел чемпионатында сынға түсетін болады. Ал біздің алдымызда алматыда өтетін матч күтіп тұр. Қиын болады. Алайда талассыз үш ұпайды бере саламыз деп айта алмаймын. Қолымыздан келгенше команданы дайындауға тырысамыз».

Екінші күні де Шымкенттіктер үш гол соға білді. Алайда бұл күні сәттілік қонақтар жағында болыпты. Нәтижесінде қарағандылықтар 4 ұпайға ие болды.