Ордабасылықтар Белградтың жасыл алаңында ептілік танытатын болады

Ұлттық футбол лигасының арнайы хатына сүйенетін болсақ, Шымкенттік команданың европа лигасының іріктеу кезеңіндегі ойындарына байланысты қызылордалық құрамамен болатын матч белгісіз уақытқа шегерілетін болады.

Естеріңізде болса «Ордабасы» командасы «Ягодина» құрамасымен шілденің алтысы күні Белградта Астана уақытымен кешкі сағат 9-да кездессе, шілденің 12-сі күні Алматыда қайта алаңға шығады.