«Қырғы» базарын тұраққа айналдырған жүргізушілер қатаң ескерту алды

239
гай

Бүгін Шымкенттегі Қырғы базардың маңындағы бейберекет саудаға байланысты орын алатын тәртіпсіздіктерді жоюға облыстық жол полициясы басқармасының қызметкерлері кірісті. Базарға келуші жүргізушілер мен таксистер үшін тұраққа айналған жол бойын тазалап, ережеге бағынбағандарға әкімшілік шара көрді.

Күнделікті жұмысқа кіріскен қоғамдық көліктер бүгін күтпеген тұстан ереже бұзғандары үшін айыпты болды. Рейд барысында жол полицейлерінің назарына ілікендердің бірі №44-ші бағыттағы шағын газель жүргізушісі болды.

Қоғамдық көліктердің аялмадаға тоқтауына кедергі болған саудагерлер көрінеді. Қырғы базардың алдындағы аялдама маңы заңсыз сауда нүктелеріне айналған. Мұның салдарынан жолаушылар қоғамдық көлікке жол ортасынан мінеді. Бір қызығы алдын-ала ескертіліп қойғандай әшейінде арнайы белгіге пысықырып қарамайтын таксистердің қарасы көрінбейді бүгін. Базарға келуші жүргізушілердің жолы болмады.

Тоқтауға болмайды деген белгінің маңын автотұраққа айналдырған саудагерлердің жүк көліктері де айыппұл тұрағына жөнелтілді. Саудагерлер наразылықтарын жасырмады.

Төлеби көшесінің төрін жаппай заңбұзушылыққа айналдырған жүргізушілердің жүзге жуығына әкімшілік хаттама толтырылып, қомақты айыппұлдар салынды.

Нұрлан Қалданов, ОҚО ІІД ЖПБ 4-взводының аға инспекторы: «Біз бұған дейін қанша ескерткенбіз. Бүгін тағы қайталануда. Жүргізушілерге бес айлық есептік көрсеткішғ яғни 8900 теңгеден бастап, 16180 теңгеге дейін айыппұл салынады.  Егер тағы қайталайтын болса, қатаң шара көретін боламыз»7

Базар маңын былыққа айналдырған жүргізушілермен жұмыс көзбояушылық емес деп сендірді мамандар. Рейд алдағы күндері де жалғасын табады. Тек нәтиже шықса болғаны.