ҰБТ ең төменгі көрсеткіш көрсеткен Сарыағаш ауданы өзге салада да артта

553

Сарыағашта бар мүмкіндіктер пайдаланылмай жатыр. Бюджетті бар 10 млрд. теңгеге талай проблеманың түйінін тарқатып тастауға болады. Облыс басшысы Асқар Мырзахметов аудан басшына осылай деп ескерту жасады. Тіпті ауыл шарушалығына қолайлы ауданда егістіктер де игерілмей жатыр. Бұл туралы аудан басшысының есеп беру жиынында айтылды.

Егін шаруашылығы бойынша ауданның 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасына сәйкес егістік алқаптары 74 900 гектарға ұлғайту жоспарланып нақты орындалғаны 71 100. Сурамалы жердің игерілмегені 2300 гектар. Егістікті әртараптандыру бойынша берілген тапрысрмалардың ішінде майлы дақылдар , картоп, көпжылдық мал азықтарынан басқа дақылдар орындалмаған. Тапсырма «Жұмыспен қамту», «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму», «Бизнестің жол картасы» бойынша толығымен орындалмаған. Ауданда шешімін күткен мәселелер де жеткілікті.

Әбдібақыт МАҚҰЛБАЕВ, САрыағаш ауданының әкімі: «Өзбекстаннан шығатын Зах, Ханым, Үлкен Келес Магистралді Каналы және Бозсу мемл.каналдары арқылы ауданға қажетті 560,0 млн. текше ағын судың жыл сайын орта есеппен 20 пайызы кем мөлшерде және тиісті мерзімінде алынбай келеді. Осыған байланысты, каналдардан сауарылатын 29 жарым мың гектар жердің 6,0 мыңнан межеленген өнім алынбауда. Өзбекстаннан су кеш бірелід, ол ерте пісетін өнімдерге кері әсерін тигізуде».

Жиынға қатысқан сала мамандары бұл аудан әкімінің құзырындағы мәселе екендігін облыс басшысына жеткізді.

Асқар Мырзахметов, облыс әкімі: «Ауданның потенциалы бар, неге  толық пайдаланбайсыңдар. Ауданның бюджеті 10 млрд. теңге. Ол аз қаржы емес, сол қаражаттан ең өзекті деген мәселелерді неге шешпейсіздер. Канал  «Сушар» мекемесіне емес, ауданға жатады екен. Ойластырып,  бірінші кезекте атқарылатын жұмыстарды жоспарласаңыз мұндай келеңсіздік орын алмас еді».

Аудан аумағында 153 елдімекен ауыз сумен толық қамтамасыз етілген болса, оның ішінде тәулігіне 24 сағат ауыз су берілгені 10 елді мекен. Құбыр сумен 33 елдімекен, құдық суымен 56 , ұңғы суымен 51 , ашық су көздерімен 13 елді мекен ауыз сумен қамтылған. Ауданда Омега су тазартқыштарының жұмысына айтар сын да жеткілікті. халық арасында оған сұраныс төмендеген. «Таза су», «Ақбұлақ» бағдарламалары бойынша бөлінген қыруар қаржының мақсатпен жұмсалуын қадағалау аудан әкіміне жүктелген. Облыс басшысы есеп беру тек көрсеткіштерді баяндау емес, ал нақты жұмыс жүргізу дегенді баса айтты.

Аудан ҰБТ  бойынша облыста ең төменгі көрсеткіш көрсетті.  Ауданда ағымдағы жылы 11 сыныпты 5 041 оқушы бітірді. Оның ішінде ҰБТ-ға қатысуға  3 393 оқушы өтініш  берді.  Ауданның орташа көрсеткіші 58,02. «Алтын белгі» -ге  үміткер 150 бітірушінің 13- і ғана өз білімдерін  дәлелдеді.