Желтоқсан көшесі бойында төтенше жағдай орын алды. Әл Фараби полиция бөлімінің алдында бір автокөлік өртеніп кетті.

Соның салдарынан көшедегі көлік қозғалысы тоқтап қалған. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында жарылыс болған жоқ.

Қазір Фольксваген-Пассат көлігінің неден өртенгенін тәртіп сақшылары анықтап жатыр.