Бүгін қалалық ІІБ-ы мен облыстық сот орындаушыларды бірігіп, арнайы рейд жүргізді. Мамандар айыппұлды төлеуден жалтарып жүрген автокөлік иелерінің үйіне барып, борышкерден қарызын өндірді. Яғни ақшаны сол мезетте төлемегендердің заңды түрде мүлкі тәркіленді.
Нұрсәт шағын ауданында тұратын борышкерге осыдан 1 жыл бұрын МАЙ қызметкерлерімен аиыппұл салынған екен. Көлік иесі оны төлеуге асықпаған. Сот оырндаушылар борышкерге бұдан алдында бірнеше рет келіп ескертпе де бергенін, алайда ол ескертпеге көңіл аудармаған. Әл-Фараби ауданы бойынша реид осы қарызы бар азаматтың үйінен басталды.
Өкіншке орай азамат үйінде болмай шықты. Әбден ескертіп шаршаған аот орындаушылар борышкердің мүлігін тәркілеитін болып шешті. Осы әрекетке куә болған борышкердің әйелі көршілерінен ақшаны қарызға алып жолдасының аиыппұлын төлеуге мәжбүр болды.
Бүгіннен басталған реид 2 айға жалғасады. Мүліктеріңіз тәркіленбесін десеңіз өзіңізге салынған аиыппұлды төлеуге асығыңыз.