Ұстаздар еңбегін тесттің нәтижесіне қарап бағалау дұрыс емес. Қалалық білім бөлімінің меңгерушісі Жанат Тәжиева бүгін өткен мәслихат сессиясында осылай деді. Естеріңізге салайық бұған дейін депутаттар «түлектер нашар нәтиже көрсетсе, директорды жұмыстан қуу керек» деп айды аспаннан шығарған.
Шаһар басшысының өзі болмағандықтан шығар, депутаттар тарапынан сауалдар мен ұсыныстар мүлдем қойылмады. Есесіне әкімшілік-іскерлік орталығы салынады деп жоспарланған 364 гектар жер телімі туралы «Нұр Отан» ХДП-ның қалалық филиалының төрағасы бұрын жекеге беріліп кеткен жердің мемлекетке кері қайтарылуы жөнінде мәселе көтерді. Көпшіліктің күткені де осы болатын.
Білім саласына байланысты түрлі ойлар мен ұсыныстардың қарша борауы да бекер емес. Себебі биылғы жылы ҰБТ қортындысы өткен жылдармен салыстырғанда мүлдем төмен. Республикадағы үшінші қала атанамыз деп жүргенде облыста 72 балмен екінші орынды иелену дұрыс емес деген депутаттар да болды. Ал білім саласындағылар барлық жұмысты ҰБТ қортындысымен өлшеу дұрыс емес деген пікірде. Бұл тұстағы ұстаздардың еңбектері шексіз дейді олар.
Қорыта айтқанда халық қалаулылары Шымкенттегі білім сапасын көтеру жайындағы өз ұсыныс-ескертпелерін айтып, жиналыстың соңында шешім қабылдады.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=jimgyTJNdiw[/youtube]