Жобада жіберілген кемшіліктер ауыл халқын әбігерге салыпты. Бозарықтық талай тұрғын 60 жыл күткен ауызсудан қағылып қалудан қорқады. Себебі 2008 жылы Бозарық елді мекеніне таза су жеткізуге жасалған жобаға талай отбасы енбей қалған.
Нәтижесінде мердігерлер 1983 жанұяға су беруге міндеті. Ал мұндағылардың саны одан артық болып шықты. Енді есігінің алдына құбыр тартылмаған халық өздері сайлаған депутаттан көмек сұрады .
Ауласына су құбыры жетпей қалған жерлестеріміздің жан айқайы жер жаруда. Десе дегендей қонысымен бір жүйені бөлісу мұндағылар үшін оңайға түспей отыр, ал мердігер «Қанай» ӨК өкілдері құрылысты бекітілген кестеге сай жасап жатқандықтарын айтады. Кемшіліктің бәрі сол 2008 жылы, жобаның басында кеткен көрінеді. Жобаны «Стас» мекемесі жасаған екен.
Құрылыстың жалпы құны-467 млн теңге. 30- қарашада жаңа жүйе қолданысқа беріледі деп күтілуде. Енді тапсырыс берушілер төбе төрайымымен бірлесе отырып, қанша отбасының жобадан қалып қойғандығын анықтайды. Соңында екі үйге ортақ құбыр деген ұғым болмайды. Бұл депутаттың өз сайлаушыларына берген уәдесі. Өздері таңдаған халық қалаулысына ауыл ақсақалдары Бозарықтағы бірер мәселелерді жеткізіп, шешіп беруін өтінді.
Әсіресе, ауылдағы кірпіш зауытына деген қара қазандай өкпелерін айтты. Ауылдағы тозығы жеткен электр бағаналары мен ескірген білім ошағын жаңартуға қолғабыс етсе деген арыз-тілектерін де жасырмады.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ojNNBBdly8Q[/youtube]