Дариядағы көпірді жаңарту басталды

277

Арыс қаласымен Сырдарияның арғы жағалауындағы ауылдардың арасын жалғайтын көпірді жөндеу жұмыстары басталды. Ескі өткел Көксарай су реттегішін салу кезінде көлік қатынасында маңызды рөл атқарған болатын. Көпірдің 36 жыл бойы қызмет көрсеткенін көру қиын емес.

Құрылысшылар өткелге пайдаланылған материалдардың шықан мезгілі 1976 жыл екендігін ондағы белгілерден байқапты. Осы жылдар аралығында көпір Дарияның екі жағалауындағы тұрғындар үшін де маңызды болған. Енді 191 млн. тенге жұмсалып жаңартылған нысан әлі 100 жыл бойы жұмыс жасайды дейді мердігерлер.

Мердігер: «Біз көпірдің бұзылған жерлерін қалпына келтіріп жаяу жүргіншілірдің жолын кеңейтеміз».

Биылғы жылы облыс бойынша тап осы нысанан бөлек 6 көпір жөнделетін болады. Облыстағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарында құрылыс күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 21 млрд. тенгеге жуық қаражат бөлінді. Ал тек «Көксарай» су реттегішінің құрылысы кезінде бұзылған жолдарды қалпына келтіру үішн 19 млрд. теңгеге ЖСҚ жасалыныпты. Әзіргі оның бар болғаны 800 млн.-ы бөлінген.

4 техника 30 жұмысшы жұмылдырылған нысан қараша айында пайдалануға беріледі. Әзірге көлік қатынасы үшін 400 метрлік көпірдің бір бөлігі ашық қызмет көрсетуде.