Дойбышылар жеңіспен оралды

462

Дойбы ойынының шеберлері ел жарысынан олжалы оралды. Ляззат Тажиева атындағы №4 спорт мектебінің шәкірттері Астанада 28-нен 9 шілде аралығында өткен Қазақстан чемпионатында 32 медаль қанжығалады. Яғни, еліміздің 12 қаласынан 80 шашкашының арасынан 15 алтын, 9 күміс, 10 қола медаль алды. Ал Әсел Төлегенова мен Салтанат Алпысбай спорт шебері нормативін орындады.

Жас ойыншылардың жаттықтырушысы тәжірибелі бапкер Жандос Үсеновтің айтуынша, шәкірттері үмітін ақтаған. Тіпті өз жетістіктерін артығымен орындағандар да бар.

Енді интеллектуалдық ойыншылар Малайзияда қазан айында ұйымдастырылатын Азия чемпионатында шеберлік танытпақ.