Кентауда егістік жер игерілмей жатыр

368

Кентау өндірістік қала болғанымен, егістікпен айналысатын қарамағында 4 ауыл-округтері бар. Десе де, ауылшаруашылығы бойынша 630,6 гектар жер игерілмей жатыр. Бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару тапсырылды.

Бақытбек Байсалов, Кентау қаласының әкімі:«Қала әкімдігі тарапынан заңға сәйкес жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару бойынша жұмыстар атқарылуда. Жыл соңына дейін бұл жерлердің барлығы мемлекет меншігіне қайтарылады деп күтілуде».

Ал облыс әкімінің орынбасары Болат Әлиев бұл жерлерді өңіріміздегі өзге аудандарға беруді ұсынып отыр.

Болат Әлиев, облыс әкімінің орынбасары:»Кентауда жер игерілмей жатса, Мақтарал, Төлеби, Сайрам сынды аудандар игеруге жер таппай отыр. Осы жаққа шаруаларды жіберіп, игертсек деген ұсыныс бар».

Бұл ұсынысқа облыс басшысы да қарсы емес. Тек шаруашылық илерімен келісіп, кәсібін шыр айналдыруға мүмкіндік беру керек деді.

Асқар Мырзахметов, облыс әкімі:»Бір ауданның жерін, екінші аудан пайдаланбасын деген заң жоқ. Жер елімізге ортақ дүние. Бұл ұсынысты қолдаймын».

Айта кетейік, биыл жоспар бойынша кентауда 1500 гектар жерге егістік егілген. 1,2 гектар жерге жылыжай салынды. 112 гектар жерге тамшылатып суару әдісі енгізілген. Сыйымдылығы 200 тонна ауылшаруашылық өнімдерін сақтайтын қойма салынған.