Мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын бұзған мұғалімдер бар қоғамымызда. Кентау қаласының прокурорлары тексеру барысында осындай балалардың сапалы орта білім алуға деген құқықтарын өрескел бұзған ұстаздарды қызметтерінен босатты.

№4 орта мектептің «География» және «айналадағы әлем» пәндерінің мұғалімдері мүгедек балалардың үйіне барып сабақ өтпеген. Табельге жалған баға қою арқылы 9 айда 47 781 теңге бюджет қаржысын заңсыз иемденген. Дәл осылай, аталған мектептің «Бейнелеу өнері» мен «жалпы еңбек» дайындығы пәндерінің мұғалімдері де балалардың үйіне барып сабақ өтпеген.