Түлектер Ұлттық бірыңғай тестте төмен балл жинаса, мектеп директорын жазалау керек. Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары осындай ұсыныс жасады. Тіпті олар директорларды тағайындау ісіне араласқысы келеді. Бұл ретте де ұсыныс айтсақ деп отыр. Халық қалаулыларының алаңдауына негіз бар. Шымкенттік түлектердің басым бөлігі тесттен өте алмай масқарасы шыққан.

Биылғы жылғы ҰБТ төменгі көрсеткішіне депутатар да алаңдаулы. Өткен жылы Шымкент қаласы оқушыларының орташа көрсеткіші 90 балдан жоғары болса, биыл ол 72 ден әрең асқан.

ҰБТ жіберілген 3920 оқушының 650 ең төленге 50 балды да жинай алмапты. Алтын белгіге үміткерлер туралы айтудың өзі артық. 156 үміткердің 44 ғана өз білімдерін дәлелдей алған. Депутатарымыз осының себеп-салдарын білгілері келді. Облыс бойынша Шымкент қаласының екінші орынды иеленуі де депутатардың көңілін көншітпеген секілді. Олар ең төменгі көрсеткіш көрсеткен мектеп басшыларына шара көруді талап етті жиында.

Енді еңбек демалысынан шықан бірталай директор қызыметімен қош айтысуы мүмкін. Қара тізімге енген білім мекемелерінің қатарында №21,24,84,57,37,19,30,39,51-мектептер бар.

Енді халық қалаулылары мектеп директорлары мен ұстаздарды қызметке тағайындауды да қатаң бақылауға алмақ. Мектеп басшылары да арнайы атестатциядан өтсін дейді депутаттар. Сонымен бірге директорлардың көп жыл бойы бір мектепті басқаруы да дұрыс емес. Ол да білім сапасының төмендеуіне негіз болып қана қоймай сыбайластықтың өршуіне себеп дейді жыиынға қатысқандар. Бүгінгі жиындағы айтылғандардың ең болмаса 50 пайызы жүзеге асса, білім беру мекемелеріндегі ахуалдың жақсарады деп үміттенеді ұсыныс тастағандар.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ejkfKVv-rPM[/youtube]