«Оңтүстік Рабат» газетінің 100-ші нөмірі жарық көрді

682
"Оңтүстік Рабат" газетінің 100-ші нөмірі жарық көрді

Оңтүстік Рабат” газетінің 100-ші нөмірі жарық көрді. Жаңалықтың жаршысы болған басылым бұл жолы да Оңтүстік өңірін мазалаған

«Оңтүстік Рабат» газетінің 100-ші нөмірі маңызды мәселелерді жаңғыртты

маңызды шараларды жаңғыртты. 2010 жылдың 1-қыркүйегінде дүниеге келген «Оңтүстік Рабат» газеті шындықты шырмаусыз жеткізіп, халықтың қолдауына ие болып отыр. Жазылу науқанында да халық ұзын-сонар кезекте тұрып, әрдайым таласа жазылады сүйікті басылымына. Ал дәл осы халықтың, көзі, һәм құлағы болып отырған халық пен билік арасындағы алтына көпір, дәнекер басылым бұл жолы қандай маңызды мәселелерді көтергенін өзіңіз де оқып біліңіз. 100-ші нөмір тек сіздер үшін дүниеге келді, оқырман!

Жәмила Мамырәлі, “Оңтүстік Рабат” газетінің бас редакторы: “Біздің басылымның алған асуынан алмағаны көп, бағындырғанынан бағындырмағаны көп дер едім. Бет алысымызды халық өзі бағалап жатыр ғой. Десе де басылымның ел алдында беделге ие болуының сыры – халықпен тығыз жұмыс жасауымызда деп білемін. Әрдайым халықтың жанайқайына құлақ түріп, айтқан пікірімен санасамыз. 100-нөмірі жарық көріп отыр. Халықтың ыстық ықыласын көріп, қуанып отырмыз, әрине. Алдағы уақытта да елдегі тұщымды жаңалықты жұртшылыққа дер кезінде жеткізіп, артқан сенімдерін ақтау жолында аянбаймыз дей аламын. Атқарарымыз әлі алда”.

Ал “Оңтүстік Рабаттың” ең алғашғы яғни 1-ші нөмірі қандай еді? Есімізге түсіріп көрелік. Алғашында небәрі 8 беттен құралған басылым бүгінде екі есеге ұлғайды. 16 бетті құрап отыр. 16 беттік басылым тек Оңтүстіктің ғана емес, елдегі орын алған өзекті оқиғалардан да хабардар етеді. Сондай-ақ “Қара жорға болмаса, тойдың сәні бола ма? Немесе Ордабасыда оралымды ой айтылды” деген мақала газеттің 1-ші нөмірінің бірінші бетінде жарияланған еді. Алғашқы нөмірінде де көпшілікке ойтүркі болар тақырыптарды көтерген газет, бүгінде тәй-тәй басып қыркүйек айында 2 жасқа қадам басқалы отыр. Ендеше, 5000 оқырманына жаңалықты дер кезінде жеткізіп, үдесінен шығып, мақтанышына айналған газеттің бүгінгі бет алысын да халық бағалауда. Бірінші нөмір мен 100-нөмірдің айырмасы айтарлықтай. Бұл жағдай қуантады. Аз уақыттың ішінде ауыз толтырып айтарлықтай жетістікті бағындырып, халықтың қолдауына, сұранысына ие болған басылымның бұл да болса даму-деңгейін таразыласа керек. Мақсатының айқын, ізденісінің тұщымды екенін көрсетіп отыр.

Айта өтейік, көптен күткен 100-ші нөмірден “Әкімдер есеп беріп жатыр” — Оңтүстік өңірінің әкімдері есеп беруде, олар билік тарапынан қандай баға алды, “Құрғақшылық құртпай ма?” — Республикамыздағы орын алған құрғақшылықтың дихандарға келтіретін зияны турасында, сондай-ақ басылымның 4-бетінен “Кеденнің көкжиегі кеңейеді”, “шекара жабылады ма?” — ОҚО кедендік бақылау департаментінің атқарырп жатқан жұмысынан хабардар боласыз. Ең қызығы, жеке нотариаттар жайлы “Нотариус шығынды қалай өтейді” атты мақала да жарық көрді. “Мамандығын сүймеген ұстаз балаға сапалы білім бере алмайды” деген ұранмен “Сатулы білімде сапа бола ма?” түйткілді мақала шықты. Ал денсаулық айдарында “Диспансерде дәрі жоқ” тақырыбымен Шымкенттегі онкологиялық диспансердегі ахуалды біле аласыздар. Имандылық бетінде мың айдан да қайырымыды Рамазан айында берілетін пітір садақаның кімдерге парыз екендігі айтылды. Айта кетейік, қазіргі қоғамда маңызға ие, көпшіліктің асыға күткен жаңалығын да жеткізіп отырмыз. Лондон олимпиадасына кімдер жол жүрді және көпшілік кімнен үміт күтіп отырғаны жайлы, Лондоннан жүлдемен оралғандарға қандай сыйақы тағайындалғаны турасында толығырақ ақпар ұсынылды. Жастардың жанайқайы мен қуанышын бөлісетін “Армандастар” айдарында Елбасының қолдауындағы “Болашақ” бағдарламасында орын алған өзгерістер айтылды. Ал өзекті мақалалардан тереңі батыстың тастанды мәдениетімен үндесетін қазақ “гейлері” -”көгілдірлер” жайлы жазылған. Ал соңғы 16-шы бетінде “Балаларға базарлық” ұсынылып отыр.  

Дамир Жүнісов облыстық «Жастар орталығы» МКМ бөлім бастығы: «Басылым жастардың жетістігі мен жанайқайына бей-жай қарамай, жаңалықты дер кезінде жеткізіп, әрқашан жастардың жанынан табылады. Қоғамдағы көкейтесті мәселелердің шешімін табуына да сүбелі үлесін қосып жүретіні тағы бар. Осы үшін алғасам зор! Сондықтан, халықтың жанашыр басылымы әрдайым бізді тың ақпараттарымен сусынындатып жүретініне сенім мол».

Райымхан Заппаров, ОҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы: «Облыстағы қоғамдық-саяси өмірді егжей-тегжейлі баяндайтын сүйікті газеттің 100-ші нөмірі құтты болсын! «Оңтүстік Рабат» әсіресе, қылмыстық істер туралы ақпараттар мен өзекті мәселелереді жедел халыққа ұсынып жүр. Осы бағыттан таймай, одан әрі да жұмыстары алға өрлей берсін!»

Асқар Жайнақов, шаруа: «Оңтүстік Рабатқа» отбасымызбен жазылғанбыз. Әр санын күтіп отырамыз. Ауылшаруашылығымен айналысқандықтан, әр санынан ауыл өміріне қатысты барлық ақпараттармен танысып отырамыз. Көп мәселені көтересіздер. Әсіресе, біз секілді шаруалар тиісті ақпараттармен қоса, пайдалы кеңестерді де жазщасыздар. Газеттің 200-ші нөмірін көруге жазсын, еңбектеріңіз жансын!» 

Мұратбек Қыпшақбаев, №10 спорт мектебінің директоры: “Оңтүстік рабат” біздің сүйікті басылымға айналды. Әр санын күтіп отырамыз. Себебі, облыстың спорт саласы үнемі жарияланып отырады. Жаңалықтардан бөлек, түрлі мәселелерден де оқырманның талқы таразысына ұсынылады. Әсіресе, жас спортшылар жайлы көп жазасыздар. Әр сәрсенбі газеттің спорт бетін шолып, өзіндік ой-пікірімізді әріптестеріммен талқылап отырамын. Алғыстан өзге айтарымыз жоқ, биіктерден көріне бергейсіздер!”