Газет-журналға интернет арқылы жазылуға болады

733
Газет-журналға интернет арқылы жазылуға болады
Фото: //ferra.ru

«Қазпошта» мерзімді баспасөзге жазылудың жаңа форматын енгізді. Енді азаматтар үйден шықпай-ақ кез келген басылымға онлайн түрінде жазыла алады. Тек қолда ғаламтор мен тиісті техника болса болғаны.

Нұрбол Баураев жұмыста отырып-ақ, аз уақыттың ішінде «Рабат» газетіне жазылды. Оқырманның айтуынша, онлайн жазылу ыңғайлы әрі уақытты үнемдейді. Кезекке тұрып, «Қазпошта» бөліміне арнайы барудың қажеті жоқ. Сонысымен де қолайлы дейді тұтынушы.

Газет-журналға интернет арқылы жазылуға болады
Фото: //ferra.ru

Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Баспасөзге деген сұраныс бүгінде артпаса кеміген жоқ. Тұтынушылар ғаламтор арқылы жазылып, өздерін қызықтырған баспасөзді мерзімді оқып отыруы осының дәлелі. «Қазпошта» ұсынған жаңа қызмет түрін қолдану өте оңай. Ол үшін ғаламтордағы postmarket.kz сайтына кіріп, «Газет және журналға жазылу» бөлімін таңдауыңыз қажет. Онда жергілікті және республикалық баспасөздердің тізімі мен бағасы қоса көрсетілген. Ал төлемді кез келген банк картасының көмегімен жасай аласыз.

Бұл жерде жергілікті «Оңтүстік Рабат» газетінен бастап республикалық, шетелдік баспасөздің 7000 түрі бар. Жауапты мамандардың айтуынша, жаңа қызмет іске қосылғаннан бері 600 азамат осы әдіспен баспасөзге жазылып үлгеріпті.

Дана Тұрғынова