Айлардың сұлтаны Рамазан айы келіп, мұсылман қауымын қуантуда. Рамазан айы басталғалы жер-жерде ауызашар өткізіліп, бес парыздың бірі – оразаның мәртебесін көтеруде. Өңіріміздегі облыстық Абулхамит Қаттани мешіті де жылдағы дәстүр бойынша жамағатты жинап, ауызашар берді. Бұл күні мешітке келген адамдардың қарасы қалың болды. Ақшам намазынан кейін жамағат дастарханға жайғасып, Аллға шүкіршілік етті. Облыс имамы Бейбіт Мырзагелдиевтың айтуынша, 30 күн оразаның әр күніне ауызашар өткіземін деп ниет етіп отырған адамдар көп. Яғни, облыстық мешітте күн сайын Алланың разылығы үшін ауыз бекіткен жандарға ауызашар беріледі.
Бейбіт Мырзагелдиев, Оңтүстік Қазақстан облыс имамы: «Бисмиллахир-рахмани-рахим аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Қасиетті рамазан айы да келіп жетті. Барша мұсылман қауым үміт етіп, ниет етіп, Ораза тұтуда. Мәселен, бұл күндері халықтың басым бөлігі мешітке келіп намаз оқып, Аллаға құлшылық етеді. Сонда ақшам намазын мешітте оқып, ауыз ашу үшін үйлеріне жете алмай қалады. Себебі шам намазы мен ауызашар уақыты тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан Қазақстан мұсылмандар Діни Басқармасының бас мүфтиі «мешіттерде ауызашар ұйымдастаралап тұрсын» деген тапсырма берген болатын. Облыстағы бар имамдар берілген тапсырманы орындап, ақшам намазынан соң жамағатқа жағдай жасауда. Бұл үрдіс былтырғы жылдан бастау алып, бүгінде кең көлемде өтетін дәрежеге жетті. Себебі Аллаға құлшылық жасайтын, нағыз мұсылман мешітке келеді. Биылғы жылдың ерекшелігі де сол – өңірдегі бар мешіттерде ауызашар ұйымдастырылып тұрады. Аудандардағы және қалалардағы орталық мешіттерде ауызашар толыққанды ұйымдастырылады. Ал қалған мешітерде құрма, су қойылып жамағаттың Алла Тағаланың разылығы үшін оқылатын ақшам намазын мешіттерде оқылуына мүмкіндіктері болуда. Айта өтетін маңызды жәйт, осыған орай СаудАрабия елінен бізге 7 тоннадан астам құрма жіберіліп отыр. Қазіргі уақытта біз бұл құрмаларды қаламыздағы мешіттерге тарқатып болдық. Енді аудандарға жіберілетін болады. Барлық мешіттерде жамағатқа ауыз ашу үшін жағдай жасауымыз керек. Ал біздегі орталық мешітте бұл шара 3 жылдан бері дәстүрге айналған. Мәселен, қазірдің өзінде өз сұраныс-ынталарымен пәлен күні мен беремін немесе мына күні мен беремін деп кезек алып, жоспар түзіп келіп жатқандар көп. Тіпті алдымызға 10-20 күн салып ауызашар күнін белгілетіп, ауызашар беруге ниеттілер келіп жатыр. Айта кетейін, мешітте күн сайын кем дегенде 150-ге тарта азамат ауыз ашады. Міне, сол адамдарға ауыз аштарап, қуаныш сыйлаудың өз сауабы мол. Сондай-ақ мешітте ауыз ашқан 150 адамның барлығының аузы берік деп мен еркін айта аламын. Кей адамдар үйлерінде ас-суын, тамағын жасап отыратан адам болғандықтан үйінде ауыз ашқысы келеді. Ал студенттер мен бойдақтардың жағдайы көтере бермейді ғой. Сондықтан, жамағаттың жанына қуаныш сыйлап, ауызашардың сауабын алғандарға Алла Тағала разы болсын!»
Ораза – бес парыздың бірі. Алла Тағала «Барлық амал өздерің үшін, ал Ораза мен үшін» деген екен. Сондықтан, Алланың разылығы үшін ораза ұстайтын адамдардың мәртесебесі биік болары сөзсіз. Бұл күні 12 жасар Қожабай Сайфулла да мешітке ақшам намазын оқуға келіпті. Аллаға сансыз шүкір деген жас баланың жүрекжарды сөзі Алла Тағаланың мейірбандылығына қосқан мадақ. Ендеше, намазға бас қойып, бес парызын өтеп жүрген жеткіншекке қарап біз де шүкіршілік еттік.
Қожабай Сайфулла, №77 мектептің оқушысы: «Таңертеңнен кешке дейін нәр татпай, мейірімі шексіз Алланың
разылығы үшін ораза ұстаудамын. Биылғы жылы менің достарымның басым бөлігі ораза ұстап, намазға жығылды. Ал ораза ұстамаған жамағатқа айтарым, ораза – бұл біздің Аллаға қатқан жауабымыз іспетті. Сондықтан ораза ұстап, Аллаға құлшылық етейік! Ораза ұстау ешқандай қиындық тудырмайды. Әрине, ораза ұстауда да жамағатқа Алла Тағала қамқорлық танытады. Осылайша әлсіреу, шөлдеуден сақтайды. Сонымен қоса, ораза ұстаған кезде біз шыдамдылық, төзімділікті сезінеміз. Жасыратыны жоқ, айналамыздағы адамдарға деген көзқарасымыз да өзгеріп, сыйластықпен, құрметпен қараймыз. Мешітке келіп, шариғат тыңдап, Құран аяттарын жаттаудың да сауабы мол».
Шымкентте күн ыстық. Десе де аптап ыстыққа төтеп беріп, ораза ұстап жүрген жандар жетерлік. Бес парыздың шама-шарқымыз келегенінше орындап жүрміз дейді жамағат. Жыл сайын ауызашар беруді міндеті санайтын жұртшылықтың Ислам дініне деген сүйіспеншілігі сөздерінен-ақ байқалды.
Ғанизат Қуатбекұлы, қала тұрғыны: «Жыл сайын ауызашар өткізіп, пітір садақа беруді ұмытқан емеспін. Көпшілікке көмек беріп, алғысын алудың өзі мені қуанышқа бөлейді. Мен де алты жылдан бері Рамазан айын асыға күтемін. Ораза ұстап, парыз болып бектілген міндеттерімді атқарып жүрмін. Барлығы да Алланың разылығы үшін! Ораза ұстағанда адам тәубесіне келеді. Төзімділікті сезініп, әрбір жаратылыстың қадірін біледі. Судың да біз үшін – тіршілік көзі екенін ұғып, өзгелерге мейірімділікпен қарауды үйренеді. Сайып келгенде, ораза ұстау – дамағаттың жан дүниесін жанашырлық пен мейірімділікке, бауырмалдыққа баулиды».