Қоғамдық тамақтану орындарында «Ауызашар» өткізу кезінде тағамнан уланудың алдын алу

148

 

 

Әлемдегі бүкіл мұсылман қауымы үшін қасиетті «Рамазан» айы да келіп, көпшілік қауым ауыз бекітіп, ораза ұстауда. Бұл өз кезегінде мұсылман қауымның басы қосылып, күнделікті үй жағдайында, мешіттерде немесе қоғамдық тамақтану орындарында ауызашардың ұйымдастырылатын кезеңі. Сондықтан, Сіздерге халықтың салауаттылығын, отбасыларыңыздың, жақын адамдарыңыздың денсаулығын қорғау мақсатында, тағамнан уланудың алдын алу үшін сақтау қажет талаптарды ұсынамыз:

Үй жағдайында:

– қонақтардың қол жууына жағдайдың болуы;

– тамақтану бөлмелерінің ауасын жиі алмастыру;

– шикізат пен тамақ өнімдерін қауіпсіздігін куәландыратын тауардың ілеспе құжаттамасы бар орындардан сатып алу;

– үй жағдайында дайындалған консерві (салаттар, ет, құс, балық, саңырауқұлақ және т.б.) өнімдерін пайдаланар алдында 15-20 минут термиялық өңдеуден өткізу;

– ет, құс, жұмыртқадан дайындалған тез бұзылатын тағамдар, сондай-ақ паштеттер, аспаздық өнімдер, кремі бар кондитерлік өнімдер, салаттарды дайындағаннан кейін бірден қолдану қажет, дұрыс сақталмаса, келесі күні пайдаланбау;

– терінің іріңді аурулары бар, іріңді кесілген, күйген, терісі сыдырылған, сондай-ақ жоғары тыныс алу жолдарының ауруы болған жағдайда тамақ әзірлеуге қатыспау қажет.

Қоғамдық тамақтану нысандары мен мешіттерде:

– ауыз су, ыстық су, лас су жүйелерімен, түрлі деңгейдегі жұқпалы аурулардың алдын алу үшін келушілер мен персоналға арналған раковиналар қол жуу, өңдеу, сүрту немесе кептіру құрылғыларымен және құралдармен жарақталуын;

– желдету және (немесе) ауа баптау жүйелерінің көзделуін;

– қоғамдық тамақтану өнімдерін дайындау үшін пайдаланылатын азық-түлік (тағамдық) шикізатының, тамақ өнімдерінің және қосымша материалдардың әрбір партиясының қабылдау, сақтау, тасымалдауының қадағалануын және қауіпсіздігін куәландыратын тауардың ілеспе құжаттамасы бар орындардан сатып алынуын;

– үй жағдайында дайындалған консерві (салаттар, ет, құс, балық, саңырауқұлақ және т.б.) өнімдерін қоғамдық тамақтану орнында, мешіттерде пайдаланбауын;

– тез бұзылатын тамақ өнімдері үшін тауардың ілеспе құжаттамасына өнімнің шығарылған уақыты мен күні, сақтау шарттары (температурасы, қажет етілген жағдайда ауаның салыстырмалы ылғалдығы), соңғы жарамдылық мерзімі көрсетілуін, олардың тоңазытқышта сақталынуын;

– азық-түлік (тамақ) шикізаты мен дайын тамақ өнімдерін (ет, құс еті, балық, көкөнiстер, аскөк, ет, сүт өнімдерін, нан және нан-тоқаш бұйымдары, кондитерлік бұйымдар) бөлшектеу үшін өңделетін тамақ өнімдеріне сәйкес, әріпті және (немесе) түрлі-түсті таңбалауды пайдаланып таңбаланған жеке бөлшектеу мүкәммалдарды (бөлшектеу тақтайшалары, пышақтар) мақсаты бойынша пайдалануын;

– жабдықты пайдалану, жуу және дезинфекциялау үшін оларды пайдалану, жуу және дезинфекциялау жөніндегі өндіруші нұсқаулығына сәйкес жүзеге асыруын;

– тамақ қалдықтарын жинауға арналған жарамды жағдайдағы бөлек контейнерлер (жабылатын сыйымдылықтар), оларды тазалауды, жууды және жануарлардың тиюінен қорғауды қамтамасыз ететін, қоқыс пен тамақ қалдықтарын жинауға арналған шаруашылық алаңының көзделуін;

– персоналдың арнайы киімдермен қамтамасыз етілуі және жеке бас гигиенасын сақтау жағдайының болуын;

– медициналық тексеріп-қараудан, гигиеналық оқытудан өткендігі туралы белгісі және жұмысқа рұқсаты бар әр жұмыскердің жеке медициналық кітапшасының жұмыс орнында сақталуын;

– терінің іріңді аурулары бар, іріңді кесілген, күйген, терісі сыдырылған, сондай-ақ жоғары тыныс алу жолдарының ауруы бар, инфекциялық аурулармен ауыратын және инфекциялық ауруларға күдікті адамдар жұмысқа жіберілмеу керектігін ұсынамыз.

Жоғарыда аталған санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталмаған жағдайда, халық арасында улану, өткір ішек жұқпалы ауруларының тіркелуіне себепкер болатынын назарларыңызға саламыз!

Ә. Төлебаев,

Шымкент қалалық СЭБД басшысы