«Ордабасы» командасы Шымкентке келді

397

Шымкент әуежайында мерекелік көңіл күй. «Ордабасы» футбол командасының жанкүйерлері Алматыдан келетіндерді асыға күтуде. Біздің жерлестеріміз тарихта ізін қалдырды.

Жерлестеріміз Ордабасы құрамасы екі кездесу нәтижесінде сербтерді жеңді. Алғашқы ойында Виктор Пасульконың шәкірттері 1 де 0 есебімен аяқтаған болатын. Еуропа Лигасының іріктеуіне жолдама берген де осы гол болды.

Аяқдопшылардың шаршағанымен көңілі жадыраңқы. Айтып өту керек, легионерлеріміз Владимир Джилас пен Александр Трайкович алдын дәл осы сербтің «ЯгодИна» құрамасында ойнаған. Өткен кездесуде ол бұрынғы командаластарымен теңбіл доп қуысты. Олар кездесудің оңай болмағанын айтып, жанкүйерлеріне алғыс айтуды ұмытпады.

Ал жанкүйердің төбесі көкке жетті десек артық айтпаспыз. Ордабасы құрамасы енді норвегиялық «Русенборг».
командасымен кездеседі.