«RAYYAN» тобы бір жарым жылдан бері өнер сүйер қауымның ықыласына бөленіп келеді. Осы уақыт аралығында өнерлі ұжымның репертуары 30 шақты әндермен 2 бейнеклиппен толыққан. Ал жақында топ Шымкент қаласына гастрольдік сапармен келмек.
Топ мүшелері Жанкелді, Қанат, Ержігіт, Ербол төртеуі де еліміздің әр қалаларының тумасы. Жігіттер осыдан бір жарым жыл бұрын бір топқа бірігіпті. Ал қазір топтың продюсері-Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері ,сазгер сатирик Жарылқасын Дәулетов.
Жарылқасын Дәулетов, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері: «Жігіттер өз істеріне адал. Иманжүзді болғандықтан мен інілеріме көмек бергенді жөн санадым. Ал әншілерден талап ететінім ең бастысы адалдық. Жігіттер өнерлі. Жақында «Ана» жайында бейнеклип түсірдік. Көп әншілер сапалы бейнеклипті Алматы қаласында түсіргенге асығады. Ал біз керісінше өзіміздің туған Шымкент қаласында түсіргенді құп көрдік. Алысқа барып арқаланғанша жақыннан дорбалағанды жөн санадық. Ең бастысы қазір біз толығымен алдағы күндері Астана, Көкшетау, Петропавл қалаларында өтетін концерттік кештерге дайындық үстіндеміз».