Шымкентте із түссіз жоғалып кеткен балаларды 14 жасар жасөспірім тұтқында ұстап келгені белгілі болды.
Естеріңізге салайық, 10 жас шамасындағы Бағдат пен Саят есімді балалар 5-шілде күні жоғалған. Анықталғандай оларды Азат ауылында тұратын жасөспірім қамап тастаған. Бұл жеткіншекке бұған дейін де ағасымен бірге жас балаларды ұрлаған деген айып тағылған екен.
Жасы кәмелетке жетпеген соң жазадан оғай құтылған. Алайда, сол әрекеті өзіне сабақ болмаған секілді.
Қазір тергеу амалдары жалғасуда.