граната
Фото: //mopedist.ru

«Теріскей» шағынауданындағы №55 үйдің жертөлесінде әскери граната табылды. Жарылғыш зат техникалық жұмыстар жүргізілу барысында табылған. Оқиға орнына төтенше жағдай, ҰҚК қызметкерлері, саперлер мен полицейлер жеткен.

Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген соң, қондырғының залалсыз екені анықталған. Адамдардың барлығы аман-есен. Қазір арнайы мамандар әскери гаранатаның үй жертөлесінде кезіккенін анықтау үсінде.