Шымкенттегі Сайрам көшесі тегістеле бастады. 10 жылдан бері жөнделмеген көшеден жүргізушілер әбден зәрезап болған. Шұңқырлардың кесірінен апатты жағдайлар да туындайтын. Енді жағдай қалпына келеді дейді құрылысшылар.
Күн сайын Сайрам көшесінің жолы тегістеліп келеді. Осыдан бір ай ғана бұрын автокөлік иелері осы маңнан өтуден қашатын.
Жаңа жолдың сапасын сала маманының өзі тексеріп көруде. Марат Тілеуімбетов жолдың әр шаршы метрінің стандартқа сай болуын қадағалауда. Мына жол бір емес, бірнеше қысты өткереді дейді.
Құрылысшылар қазір жолдың шетіне бөгеттерді орнатып жатыр. Жұмыс ітпіт кешке де тоқтамайды. Енді жақында көлік қозғалысы тоқтатылып, жолдың ең күрделі тұстары жөнделеді. Өңіріміздегі жолдарды жөндеу үшін облыс бюджетінен 6 млрд. 26 млн. теңге бөлінген.
Қалада жөндеудің бетін көрмеген көшелер жетерлік. Жауапты мамандар жыл соңына дейін 166 жолдың барлығын жөндеп береміз деп уәде беруде.