Шымкенттің «Ордабасы» командасы Норвегияның «Русенборгымен» тең түсті

189
Ордабасы құрамасы 22-қаңтар күні Түркиядан оралады

Шымкенттік футбол жанкүйерлерін құттықтаймыз! Шымкенттің «Ордабасы» командасы сырт алаңда Норвегияның «Русенборгымен» кездесіп, 2:2 есебімен тең түсті. Бұл матч — Европа Лигасының екінші іріктеу кезеңінің алғашқы ойыны болатын.

Біздің футболшылар бірінші таймда өз қақпаларына екі доп жіберіп алғанымен, екінші таймда намысқа тырысып, кездесудің соңында есепті теңестірді. Біздің команда сапынан Роман Пахалюк — 75 минутта, ал Мансур Гуйе 90-шы минутта қарымта гол соғып, тең ойынды қарсыластардың қолынан жұлып алды. Осы арада «Русенборгтың» Европалық ареналарда жыл сайын өнер көрсетіп жүрген, тәжірибелі команда екенін айта өту керек.

Ал біздің футболшылар УЕФА турнирлеріне алғаш рет қатысып отыр. Енді қарымта ойын Алматы қаласында 26-шілде күні өтеді. Жерлестерімізді сәтті ойындарымен құттықтаймыз!