Топан судан зардап шеккендерге қаржы бөлінді

232
Су басқан Ордабасы ауданы

Темірландықтар топан судан құлаған баспанасын тұрғызып алатын болды. Республикалық бюджеттен бүгінгі күні біздің облыстағы төтенше жағдайлардан зардап шеккен отбасыларға 713 млн. теңге бөлінді. Оған қоса, облыс әкімніңі резервтік қорынан 65 млн.-нан астам қаржы бөлінгенін облыс әкімінің орынбаасары Сәкен Қаныбеков растап отыр.

Ал «Азаматтаық Альянс» қоғамдық бірлестігі мен кәсіподақтар ұйымының кеңесі ұйтқы болған қоғамдық қорға көмек ретінде облыс тұрғындары мен кәсіпкерлер және мекемелерден түскен қаржы 86 млн. 500 мыңнан астам теңге түсті. Соңғы мәлімет осындай.