Баспанаң болмаса, берекең болмайды. Нарық қысып тұрғанда Қол жетімді баспанаға қол жеткізе аламыз ба? Көп отбасыны бүгінде осы сауал мазалайды. Елбасы Н.Назарбаев Үкіметке «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын іске асыруды міндеттеді. Бұл бағдарламада жас отбасылардың да жеңілдік арқылы баспаналы болу жолдары қарастырылып отыр.
Жаңа бағдарлама жас отбасылар үшін тиімді дейді мамандар. Тек сол отбасын құрған ерлі зайыптылардың жасы 29-дан аспауы тиіс. Және некеде тұрған уақыты 2 жылдан кем болмауы шарт. Сондай-ақ отбасы мүшелерінің меншік құқығында бұрын-соңды баспана болмауы керек. Сонда ғана, қалаған пәтеріңізді жалға алу құқымен сатып алуға мүмкіндігіңіз болады.
Гүлнәр Әшірбаева, қалалық тұрғын үй секторының меңгерушісі: «Бұл бағыт бойынша құжаттар мен өтініштерді қабылдайтын жергілікті атқарушы орган. Ол біздің бөлім. Тұрғын үй аламын деген жас отбасылар бізгше келіп, құжаттарын тапсырады. Құжаттар құрылыс басталғаннан кейін үш айдың көлемінде басталады. Сөйтіп, құрылыс аяқталғанға дейін алты айға дейін қабылданады».
Дәл осы мәселе төңірегінде пікір мен ұсыныс көп. Президенттің тапсырмаларына қатысты бағыттарды қарастыруда облыс жастарымен жұмыс жасайтын бөлімі бар басқарма басшысы Гүлмира Тағаева сол отбасыларға серпін берер бағдарламаның кейбір шарттары түсініксіз екенін жасырмады.
Гүлмира Тағаева, облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы: «Жас отбасылар дейді, 29 жасқа келіп үйленбейтіндер де бар. Сонда олар қолжетімді үйге ие бола алмайды ма? Сосын отбасының екі мүшесіде жұмыс басты болу шарт болса, сонда жас отбасының әйелі дүниеге ұашан бала әкеледі? Баспаналы боламыз деп жүріп, баласыз қалып кете ме, алде қолжетімді баспанаға қолы жетпей бала тууа ма? Мені осы мәселер толғандырады».
Ауқымды бағдарламаны жүзеге асыруда мемлекеттік Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі негізгі қаржы институты. Сондықтан бұл банктің ресми көзқарасы көпшілік үшін маңызды болары хақ. Ең бастысы жас отбасылардың табыстары күн көріс деңгейінен 3 есе артық болса болғаны дейді банк қызметкерлері.
Тұрғын үй бағдарламасы бойынша салынатын нысандар шектеулі көрінеді. Шілденің бірінен бастап, күшіне енген бағдарлама бойынша біздің қалада 6 көпқабатты үй салынады екен. Бұл туралы қалалық құрылыс бөлімі хабардар етті. Сондықтан да болар, алдымен несиені өтеуге қабілеті барларға басымдық берілетін көрінеді.
Гүлнәр Әшірбаева, қалалық тұрғын үй секторының меңгерушісі: «Құжат қабылдаған уақытта біз тексереміз. Күн көріс деңгейінің 3 айлық есептік көрсеткіші бар ма, жоқ па? Егер табыстары 50 мыңнан төмен болса, оны кезекке де қоя алмаймыз. Ондай жағдайда «Тұрғынүйқұрылысжинақ» банкі арқылы басқа категориялар арқылы жолмен ақшаларын жинауға болады».
Әлбетте, қай істе де әуелі ниет пен соған орай әрекет керектігі сөзсіз. Осы орайда, үкімет үдеден шығып, баспаналы болсам деген үкілі үміттерді сөндірмесе, ұтылмасымыз анық.