Жеңіл көлік тауар пойызына соқтығысты

203

Жеңіл көлік тауар пойызына соқтығысты.  Апатты жағдай кеше кешкісін Түлкібас ауданының Майлыкент ауылында орын алған. Жеңіл көліктің жүргізушісі мен жанындағы жолаушысы сол жерде көз жұмды.

Тағы бір шұғыл ақпарат. Шомылу маусымында суға кеткендер азаяр емес. Соңғы тәулікте облыста тағы үш адам тілсіз жаудың құрбаны болды. Олардың үшеуі де Сырдария өзенінде шомылған.

Екі ер азамат, бір әйел. Бірінің суға тұншыққанын байқап қалған екеуі оны құтқармақшы болады, нәтижесінде барлығы суға батқан.

Департаменттің мәліметіне сүйенсек, биылғы маусым басталғалы 22 жерлесіміз суда көз жұмды.