Құралбек Ордабаевтың жүлдесі сарапқа салынды

285
ОҚО футбол мектебінің шәкірттері бас Кубокты жеңіп алды

Орталық стадионның жасыл алаңында 14 жастағы футболшылар халықаралық турнирдің жеңімпазы атану үшін доп қуалауда. Елімізге танымал қақпашы Құралбек Ордабаевтың жүлдесіне арналған турнирдің биыл беделі жоғарылап отыр. Осыған дейін облыстық деңгейде өтіп тұратын жарысқа биыл Қырғызстанмен Қытайдан да футболшылар келуі тиіс еді.

Ермек Дәрменов, ОҚО футбол мектебінің директоры: «14 жастағы футболшылар арасында өткізуіміз тектен тек емес. Өзбекстан және Қырғызстанның бапкерлерімен ақылдаса келіп, бұл жастағы аяқдопшыларда жарыс аз деп шештік. Сол үшін де осы футболшылар таңдалды».

Өзбекстандық  «Спартак» алаң қожайындарымен ақтық сында кездесіп отыр. Ойынның алғашқы таймында жерлестеріміздің қақпасына екі доп соғылған болатын. Алайда, шымкенттіктер ойынның екінші жартысында алға шыға білді.

Нәтижесінде облыстық футбол мектебінің жеткіншектері бірінші орыннан көрінді. Ал Өзбекстандық қонақтар күмістен алқа тақты. Алғашқы үштікті №7 футбол мектебінің шәкірттері қорытындылады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=WMgb9K4nT7s[/youtube]