«Бекжанға» жиналған қаржы таусылды

319
Сатушылар: "БІЗГЕ әлі көк тиын да берілген жоқ"
Сатушылар: «БІЗГЕ әлі көк тиын да берілген жоқ»

«Бекжан» базарының саудагерлері облыстық әкімдіктің алдына тағы да жиналды.

Ұйымдастырылмаған шеру өткізген 20-ға тарта сатушы «базардың өртеніп кеткеніне қаншама уақыт болса да, БІЗГЕ әлі көк тиын да берілген жоқ» деп шу шығарды. Ашынған ағайынмен кездескен «Көмек — 2012» қорының басшысы Нұрғазы Бұхарбаев зардап шеккендерге көмектесу үшін құрылған қордың қаржысы таусылғанын мәлімдеді.

Әзірше сырттан келіп жатқан ақша жоқ. Бүгіннен бастап көмек алу үшін құқығыңызды сотта дәлелдеу керек болады.

Ляззат Оспанова: «Сендер бәрібір біздің жан айқайымызды жеткізбейсіңдер. 200,150, болмағанда 50 мың теңге береміз деген еді. Қане? Көк тиын да алғаным жоқ. Шынымды айтсам  жолкіреге де ақшам жоқ. Ал бізге сотта барып дәлелде дейді. Қайдан барамыз сотқа. Оған кем дегенде 3 күн кетеді. Оған да қаражат қажет».