«Бекжан» базарында қайырымдылық қор құрылды

316

«Бекжан» базарындағы жағдай біртіндеп қалпына келе бастады. Қазір белгілі болғандай базар маңындағы автобекет ғимаратының екінші және үшінші қабаттарынан саудагерлерге арнайы орын беріледі. Оған қоса қала әкімдігінің бастамасымен қайырымдылық қор да құрылды. Осы арқылы қиындыққа тап болған сатушыларға көмек қолы созылмақ.

Базардың қасындағы сау қалған автобекеттің 2-ші және 3-ші қабаттарынан саудасын қайта жалғастыруға ниет бірдіргендер үшін орындар бөліне бастады.

Күні кешегі келеңсіз жағдайға дейін Бекжан базарында балалар киімін сатуды кәсіп еткен Меруерт Ақбаева өзіне тиесілі өтемақы алған соң, автобекеттің екінші қабатынан өзінің орнын белгіледі. Енді кәсібін қайта жалғастырмақ, әрине, бәрін басынан бастау оңай емес. Дегенмен, қол қусырып қарап отыру да дұрыс емес дейді ол.

«Бекжан» автобекетінің екінші, үшінші қабатынан екі жарым мыңға жуық сатушыға орын беру жоспарланып отыр. Өзге жаққа барамын деушілерге де жергілікті басшылар жағдай жасап, тегін орын беруге келісім жасасқан. Сондай-ақ, қайырымдылық қоры құрылды. Бір айта кетерлігі, ондағылар базардан байығандарға емес, саудадан күнделікті нанын тауып жүргендерге қол үшын беретін болады.

«Бекжан» базарының иелері өртеніп кеткен сауда орындарын қоқыстан тазартып, қайта қалпына келтіру жұмыстары бастамақ. Енді екі-үш айдың ішінде жаңа сауда орны бой көтереді деп күтілуде.