«Бекжан» базарының зардап шеккен саудагерлеріне енді тегін заңгерлік кеңес берілмек.
«Көмек» қоры мен адвокаттар алқасы осындай келісімге келді. Әзірге 1300 адам шағымданыпты. Алдымен түрлі сараптамалық жұмыстар жүргізіліп, базардағы өрттің неден шыққаны анықталып, кінәлілер табылғанша іс алға жылжи қоймайды.
Ал тауары жанып кеткен саудагерлер қанша шығынға батқанын дәлелдеуі тиіс.
Естеріңізге сала кетейік, «Көмек 2012» қорына жиналған 125 млн.-ға жуық теңге 666 адамға бөлініп берілді. Қор жетекшісінің айтуынша, енді «Көмекке» қаржы түспейді және одан ешкімге қаржы берілмейді.