Сүйіншіге — 100 мың доллар! Өртеніп кеткен «Бекжан» базарының құрылтайшысы Әмірхан Шүменов базарға өрт қойғандар жайлы нақты мәлімет берген адамға осыншама сыйақы әзірлеп отырғанын мәлімдеді.
Ол хабар берген жанның аты-жөнін құпия сақтауға да уәде беріп отыр. Қазіргі таңда «Көмек — 2012» қорына 125 млн тенге түсіп, ол түгелімен таратылған. Соңғы кезде қорға қаржы баяу түсуде дейді қор жетекшілері.
Осыған байланысты әзірге Бекжан базарындағы өрттен зардап шеккен саудагерлерге ақша тарату уақытша тоқтап тұр.