Өрттен зардап шеккен бекжандық сатушылар «Автонұр» базарында саудасын жалғастырмақ. Сатушылар мектепке дайындық маусымын жіберіп алмас үшін, осында ағылуда. Алайда, қала орталығының ортасында орналасқан базарда оның барлығына бірдей орын жоқ. Мыңдаған сатушы бірден сауда нүктелерін тазалап, саудаларын бастап кетуге асық. Базар басшылығының алдындадағы кезекте ұзын-сонар.
Пернехан Биболов, «Автонұр» базарының директоры: «Біз базарға келушілерге жағдай жасап жатырмыз. Арнайы жобамыз да бар. Алғашқы екі айда тегін отырады. Содан соң, өздері ұсынған 8 мың теңгеден әрбір сауда нүктелеріне төлейді. Бары жанып кеткен бекжандық сатушылардан қалай ақша сұраймыз? Қайта көмек көрсетіп, демеп, аяқтарынан тұрып кеткенше көмектесу керек. Ал біздің базардағы нүктелер әзірге ағаштан. Өрттен шошып қалған олардың сұраныстары да орынды. Сондықтан алдағы екі-үш айда саудагерлердің сауда орындарын ретке келітіріп береміз деп отырмыз».
Бүгінге күнге дейін 300 адам ғана саудасын жасап келген базардың аумағы 7 гектар болғанымен, дайын сауда орындары 1200 екен. Ондағы сауда орындары ескі ағаш нұсқада тұрғызылған. «Автонұр»базарының жобасы дайындалып, алдағы екі-үш айда темірмен апталмақ.
Ал ағаш сауда орындарында қайта нәпақасын таппақ болған базарға 2007 жылы төтенше жағдай департаменті тарапынан қатаң ескерту берілген. Содан кейін базар ішіндег асханалар мен қоймалар алынып тасталыпты. Былтыр, 2011 жылы аяқ-киім сататын бөлігінен өрт шыққан. Содан қайта тексеру жүргізіліпті. Сондықтан заңға сай, сауда орындарын жанбайтын заттан жасағаны дұрыс дейді облыстық төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері.