Облысымыздағы қаржының игерілуі барысы тұрақты комиссияның отырысында талқыланды. Сондай-ақ, тамыздың 13-күні өтетін облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына ұсынылатын мәселелер сараланды.
Сессияда бірінші болып, облыс әкімі Асқар Мырзахметов есеп береді. Депутаттық сауалдарды алдын-ала пысықтаған халық қалаулыларының облыстық құрылыс басқармасы мен экономика және бюджетті жоспарлау басқармаларын сұрақ астына алды.
Әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясына биылғы бюджеттен бөлінген қаржының әлі күнге дейін игерілмегенін тілге тиек еткен депутаттар, қаржыны жаңа оқу жылына дайын болмай отырған мектептерге бөлу туралы ұсыныстарын білдірді.
Сонымен бірге, жол апаты оқиғасында көш бастап тұрған өңіріміздің әр-ауданындағы көлік инспекцияларына автомобиль керектігін айтып, бюджеттен қаржы қарастыруды ұсынды. Ұсыныстар мен талап-тілектер дүйсенбі күні облыстық мәслихаттың сессиясында шешілетін болады.