Ірі базар өртеніп, мектеп формалары қымбаттауда

424
дәптер, қаламдар

«Бекжан» базарындағы төтенше жағдайға байланысты қаладағы өзге базарларда мектеп формасы мен кеңсе тауарларының бағасы шарықтап кетті деген сөз желдей есуде. Шымкенттік ата-ана баланы мектепке дайындау қымбатқа түсуде дейді. Ал саудагерлер болса, мұны қауесетке балап, баға бір қалыпты екенін алға тартады.

Алты жылдан бері базардағы саудамен бала-шағасын асырайтын Мақпал Қарақбаева былтырға қарағанда биыл мектеп тауарларын арзан сатып жатқанын айтады. Мектепке дайындық кезеңі басталысымен-ақ, сауда қыза түскен. Алушылар қатары да сирек емес.

 Мақпал Қарақбаева, сатушы:»простой дәптерлер 4 теңге, ал росискийлер 7 теңге. Былтыр 50 теңгеден сатқан ручкаларымызды 30 теңгеден беріп жатырмыз. Қалың дәптерлер парағына байланысты 35-85 теңге аралығында. Бекжан жанып кетті деп, бағаны көтеріп жатқан жоқпыз. Көріп тұрғандарыңыздай үстінен тиын көреміз. Былтырғыдай бірге бір қойып жатқанымыз жоқ».

Рас, бастауыш сыныптарда оқитын балаларды киіндіру қымбатқа түседі екен. Бұл сыныпта қажеттіліктер саны өте көп. Оқушы дәптерінен бастап, санағыш таяқшаларға дейін ұсақ-түйек болғанымен, бәрі ақша. Бір сөзбен айтқанда, бірінші сыныптың оқушысын мектепке дайындау әжептеуір қалтаңды қағады.
Ал орта және жоғары сынып оқушысын мектепке дайындау үшін шамамен 30-40 мың теңгедей кетеді. Бір жағынан шығынның көп болғаны — баланың талғамының өскеніне де байланысты дейді ата-аналар.

Ата-ана: «Бір баламды киіндіру үшін 35 мың теңге жұмсап тұрмын. 9-сынып баласының бір костюм-шалбары 15 мың. Өте қымбат. Негізі киім қымбат. Жалғыз балам болған соң, амал жоқ, әпереміз, киіндереміз».

Қаладағы халық көп шоғырланатын «Самал» базарының әкімшілігі бағаны барынша ұстап тұрғанын айтып, ақталды.

Луиза Балтабаева, базардың бас есепшісі: «Баға бір қалыпты. Қарапайым халықтың қалтасы көтереді. «Бекжанда» орын алған жағдайға байланысты баға көтерілген жоқ. Рамазан айында сатушылар қолдан баға көтермейді».

Базар бағасын, әсіресе, мектепке қажетті киімдер мен кеңсе тауарлары бағасының көтерілмеуін қалалық әкімдік те қадағалап отырған көрінеді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=vYMwaNlDhzE[/youtube]