Істен шыққан кәріз жүйесі айналаны ластауда

359

Деповская көшесінің халі мүшкіл. Құбырдан шыққан жағымсыз иіс қолқаңнан алады. 1 жыл бұрын мұнда жер асты су құбырларын жүргізгенде кәріз жүйесіне зақым келген. Содан бері осы ахуал.
Мұндағы жағдайға санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары да қанық. Олар гидролез зауытының істен шыққан кәріз жүйесінің ластанып, құдықшалардан лас су ағып жатқанын көзбен көрген. Себебі осыдан болуы мүмкін деген 4 үйді анықтаған да болатын. Сәйкесінше, ол үйдің тұрғындары құбырларын ауыстырған. Бірақ, себеп мұнан болмай шыққан.

Айгүл Тұрымбекова, Еңбекші ауданы СЭҚБ-ның бас маманы: «1 жыл бұрын бізге тұрғындардан арыз түскен болатын. Әлі күнге дейін кәріз жүйесінің неге бұзылғаны жайында анықталған жоқ. Тиісті орындарға хат та жаздық. Сонда халықты осындай түрлі індетті таратып отырғыза береміз бе? неге оны 2013-2014 ке қалдырып қояды, неге оны шұғыл шешуге болмайды».

Қараусыз қалған кәріз жүйесі жайлы қала әкімдігіндегіндегі коммуналдық сала мамандары да жақсы біледі. Биліктегілердің күші біріксе біздің мәселеміз жақынарада шешілер еді деген тұрғындар үмітін үзген жоқ. Олар көтеріп отырған мәселемен осы округтен сайланған облыстық мәслихаттың депутаты Бахарам Абудкаримов те кезінде айналысты деп бейне материалымызда көрсеткен де едік.

Ғалымжан Оразымбетов, облыстық мәслихаттың депутаты Бахарам Абдукаримовтың қоғамдық қабылдауының қызметкері: «Осыдан бір ай бұрын тұрғындармен жиналыс өткізген болатынбыз. Оған коммуналдық сала қызметкерлері қатысқан болатын. Депутаттық сауалнама да жолдадық. Енді жауап және ол бойынша атқарылатын жұмыстарды күтудеміз. Қалай болғанда да бұл тірлікті аяғына дейін жеткіземіз».

Бұл уәде сөз жүзінде қалып қойды. Салдарынан қарапайым халық зардап шегіп жатыр. Әзірге бұл маңдағы тұрғындар жағдай ушығып, адамдар ауруға шалдықпаса игі еді деп ашынады. Ал СЭС мамандары жағдай оңалмаса прокуратураға шағымданбақ. 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=iguZI1TTPQs[/youtube]