«Көмек- 2012» қоғамдық қоры құрылды

343
"Көмек-2012"

«Бекжан» базарында болған апат басты назарда. Бүгін Шымкентте арнайы қайырылымдылық қор да құрылды. Оған түскен қаржы зардап шеккен саудагерлерге таратылып берілмек. Қазір белгілі болғандай, қордың жетекшісі болып қалалық мәслихаттың депутаты Нұрғазы Бұхарбаев тағайындалды. Оған кез келген азамат қаржы аударып, қиындыққа тап болғандарға көмектесе алады. Айта өтейік «Бекжан» базарында  жеті мыңға дейінгі саудагердің мүлкі түгелдей өртеніп кеткен.

Ал бүгін сатушыларға өтемақы төлеу жұмыстары жалғасын тапты. Осы уақытқа дейін 300 млн. теңгеден астам қаражат апаттан зардап шеккендерге таратылған.

Естеріңізге саламыз, өткен жұмада Шымкенттегі ең ірі сауда орны өртеніп кетті. Бұған дейін ІІД-інің өкілдері базарды белгісіз біреулер әдейі өртеп жіберген деп мәлімдеген болатын.

«Көмек-2012» қоғамдық қорының есеп шоты: «Казком» банкте ашылды.

Шот нөмірі:  Z449260801164477000

Банк деректемелері АО»Казкоммерцбанк «БИК КZKOKZKX