Жылына 1000 шақырымнан астам жол салатын, қабат-қабат үй тұрғызатын құрылысшылар бүгін сол мерекелерін атап өтті. Осыдан екі жыл бұрын құрылған қауымдастық төл мерекелерін жыл бойы еңбегімен көзге түскен үздіктерді марапатаудан бастауды дәстүрге айналдырған. Биыл да солай болды.
Арнайы киімдерін спорттық формаға ауыстырған мына азаматтардың арқасында жолдарымыз тегістеліп, талай отбасы баспанаға қол жеткізеді. Жаздың аптап ыстығында асфальт төсеп, қақаған қыста бетон құю — оңай шаруа емес. Биыл құрылысшылар облыс аумағындағы сапалы жолдардың үлесін 60-ға дейін ұлғайтуға қол жеткізді. Жыл сайын сала мамандары 20 млрд. теңгеден астам қаржыны игерерген.
Осыдан екі жыл бұрын құрылған облыстық жолшылар мен құрылысшылардың қауымдастығы енді өңіраралық қауымдастық болып кеңеймек. Қызылорда мен Тараздық әріптестері біздің мамандардан тәжірибе алмақ. Оның себебі де жоқ емес — қауымдастық компанияларға кеңес бере отырып, жол саласында жаңа техналогияларды енгізуге мұрындық болды.
Тоқсаныншы жылдары мүлдем тоқырауға кеткен құрылыс саласының күн санап жанданғанын байқау қиын емес. Ол да болса тап осы сала мамандарының іскер еңбегінің нәтижесі.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=03ESmDuXRZg[/youtube]