«Мирастықтар» баспанасыз қалуы мүмкін

1300 жер телімі мемлекет қажеттілігі үшін қайтарылады
1300 жер телімі мемлекет қажеттілігі үшін қайтарылады

«Шаңырақтағы» жағдай қайталанып жүрмесін. Бұрынғы «Пахтакор», қазіргі «Мирас» шағынауданының тұрғындары осылай дабыл қағуда. Өйткені, ондағы 1300 отбасының баспанасын мемлекет бұзамыз деп шешім шығарған. Осы хабарламаны естіген ондағы жұрт қазір түнде ұйқы, күндіз күлкіден айрылған. Тістеп- тырнақтап жүріп жиған мүлкімізді құртса, біздің де аянбасымыз анық дейді.

Әзиза Мәмбетбаева «Мирас» (Пахтакор) шағынауданының тұрғыны: «Үлкендерден сұранатыным, бізге тыныштық берсін. Айғай-шу болмасын. Төбелес болмасын. Шаңырақ сияқты жағдай болмасын. Бізді орнымызға қалдырсын. Қазақстанның жері көп. Біз Назарбаев інімізге осындай сәлем айтамыз».

Бұрынғы «Пахтакор» шағынауданының тұрғындары, дәл қазір атарға оқ таппай жүр. Өйтпей қайтсін, елдімекенде пәленбай жылдан бері тұрып келе жатқан 1300 отбасы бір күнде баспанасыз қалайын деп тұр. Қарапайым қарашаның көңілін бұзған Шымкенттің бас жоспары. Ол бойынша мұнда әкімшілік-іскерлік орталық салынбақ екен. Әзиза Мәмбетбаева «5 жыл болды, менің тұрғаныма екі жыл болды, өкімет оны неге білмеді. Неге бізге айтпайды?! Биылдың өзінде қаншама құрылыс жүрді. Соның бәрі кредитке, қарыз алды. Осы көктемде айтқанда да ондай жұмыс болмайтын еді», — дейді ашынып.

Бұзуға кететін үйлердің тізімі газет бетіне шығып та үлгерілді. Жер телімінің нөмірін баспасөз бетінен көріп, жегені желім, ішкені ірің болып жүрген отағасының бірі Нұрғали Жанәлиев. Мирастықтардың түсінбейтіні, бар коммуналдық жағдайы жасалып қойған ауылды қайта бұзу ісіне шенеуніктер неге кеш кіріскені болып тұр.

Нұрғали ЖАНӘЛИЕВ, «Мирас» шағынауданының тұрғыны: «Жер учаскесін 18 мың долларға сатып алдым. Енді өзіміз пәтер жалдап тұрып жатырмыз. Газеттен шыққан аты-жөнімізді көріп, салымыз суға кетті. Үйімді әлі салып біткенім жоқ. Не істейтінімді де білмеймін».

Қолында мемлекеттік АКТ-сі бар азаматтар қорықпасын дейді қалалық жер қатынастары бөлімінің мамандары. Олардың шығынын мемлекет өтейтін болып шешіпті. Бірақ нарықтық бағадан аспайды. Ал «үйің бұзылады» деген ескерту қағазы Мирастықтардың жарым бөлігіне ғана берілген.

Қасымбек САЙЛАУОВ, Қалалық жер қатынастары бөлімінің бас маманы: «Егер де азаматтар әкімдіктің қаулысымен жер алған болса, бірақ мемлекеттікі алмай, мемлекеттікі алған жағдайда да, әділет басқармасында тіркелмеген болса, мұндай азаматтарға әділет басқармаларындағы жер учаскелерін тіркеп, оған құқықтану үшін 6 айға дейін уақыт беріледі. Бірақ, 6 айдан кем болмауы керек. Егер де азаматтардың Мем. АКТ-сі бола тұрып, ол жерде құрылыс салынып, құрылысқа қабылдау болмаса, құрылыс нысаны ретінде әділет басқармасында тіркелмеген болса, мұндай азаматтардың соғылған ғимараттарына да мемлекет тарапынан шығындары өтеледі».

Ескеретін жағдай, мемлекет қажеттілігі үшін алынған жер екенін біле тұра құрылыс жүргізген азаматтар тиісті теңге алудан дәмеленбеуі қажет. Ал ескерту парақшасын алған азаматтар осы бастан ісін тоқтатса, шығынды өтеу кезінде ескерілетін болады. Баспана шығынының емін біздің шенеуніктер қаржылай бермек. Өйткені, қаланың бас жоспары әлі күнге бекітілген жоқ. Қайдан, қандай нысан бой көтерері белгісіз.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=-e8czkLoDbY[/youtube]