Шаһарымыздың сәнін кіргізген «Шәмші әлемі» гүлзары тұрғындардың жиі баратын орны. Мұндағы әсем гүлдер мен су бұрқақтары тұрғындарға саялы демалыс сыйлары анық. Жастардың сүйікті орнына айналған бұл мекенді мен де аралап жүріп, қынжылтатын жағдайға тап болдым.
Қала тұрғыны ретінде бұған бейжай қарай алмадым. Қаншама байқаулар мен мәдени іс-шараларды өткізетін орындағы сахна баспалдағының плиталары қирап, бір-бірінен ажырап жатыр. Келеңсіздікті тиісті сала мамандары байқап, ертерек түзетсін деген ниетпен сол гүлзардан фотосуреттерді назарларыңызға ұсынып отырмын.