Шымкентте ауызсу бағасы 100 теңге бола ма?

459
су бағасы қымбаттай

Коммуналдық қызметтерге төленетін ақы көтеріле ме? Бұл мәселе бүгін қалалық әкімдікте өткен жиында талқыланды. Сондай-ақ елімізде тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасының іске асырылу барысы да жиында әңгіме арқауына айналды. Шымкентте судың бағасын 1 текше метріне 100 теңге етіп көтеру керек. Қалалық әкімдікте өткен басқосуға жиналғандар осы мәселені талқыға салды.

Аманжол Алпысбаев, «Қазақстан ТҮКШ жаңғырту және даму орталығының» басқарма төрағасының орынбасары: «Біз 1 шелек суды 1 теңгеге бағалауға қалай қарайсыз деген сауалды халыққа жолдап отырмыз. Ал тұтынушы мұның пайдасы қаншалықты екенін өзі шешеді. Бағаны көтергендегі қаражат су жүйелерін жаңартып, жаңа құдықтар салуға жұмсалатын болады».

су бағасы қымбаттай ма?

Су бағасы қымбаттаса, қалған дүниенің де қымбаттамай қалмауы мүмкін емес деген пікір туындары хақ. Тиісті орындар ауыз судың бағасы азық-түліктің, күнделікті тұтыну тауарларының құнына еш қатысы жоқ деп сендіруде. Ал қаладағы қоғамдық тамақтану орнының өкілдері мұны теріске шығарып отыр.

Халмұрат Артықбаев, кафе әкімшісі: «Кафедегі барлық жұмыс ауызсумен байланысты. Ыдыс-аяқ жуу, тағам әзірлеу, тазалық жұмыстарына дейін сусыз болмайды. Сондықтан судың қымбаттауы басқа да қызмет түрлерінің қымбаттауына әкелмейді деп айту қиын».

Ал бұл ұсынысқа Шымкенттегі судың құлағын ұстаған «Су арнасы -маркетинг» мекемесі мамандарының айтары мынау: Жанатбек Тұрдалиев, «Су арнасы — маркетинг» ЖШС-нің өкілі: «Шындығын айту керек, қазіргі тарифтің құны халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге жетпейді. Ал бағаның көтерілуі жайдан жай жасалмайтын дүние. Алдымен қоғамдық тыңдаулар өткізіп, абоненттермен кездесулер ұйымдастырылады. Техникалық қажеттіктер ескеріледі. Сондықтан бұл бір күннің әңгімесі емес».

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=sKGBd6q-mZA[/youtube]