Қараусыз қалған саябақ…

568
Қараусыз қалған саябақ...

Шымкентте 3 гектар аумақты құрайтын Наурыз саябағы 10 жылдан бері қараусыз қалған. Сайрам тұрғын алабында орналасқан демалыс орны ұзақ жылдар бойы бос қалып, тозып барады.

Қараусыз қалған саябақ...

Демалыс орнынан қираған жолдар мен ескірген орындықтарды ғана көруге болады. Ал мұнда орнатылған хауыз кезінде сусыз болмайтын. Қазір құрғап, қабырғалары қирауда. Мұнда демалушылар үшін барлық жағдай жасалған. Тіпті, алып әткеншек пен балаларға арналған әткеншек орнатылған. Бірақ, ұзақ жылдар бойы істен шыққан қондырғылардың темірі тозып, жарамсыз күйге айналыпты.

Қараусыз қалған саябақ...

Биыл Наурыз саябағы қалалық коммуналды шаруашылық бөлімінің қарауына өтті. Жауапты басшылар демалыс орнын реттеп, қосымша құрылыс жұмыстарын жүргіземіз деп отыр. Жоспарланған жұмыс созбалаңға салынбай, іске асса, саябақ 2017 жылдың шілде айында пайдалануға беріледі.